21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Қабыл болған садақадан насихат

Қабыл болған садақадан насихат

Ғибратнама
Жарнама

Ибну Мәндәнің риуаяты бойынша: Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларына садақаға берудің сауаптығын айтып, ол турасында түскен аяттарды оқып, қызықтырған сайын олар да бір-бірімен жарысып, шама-шарықтары жеткенше садақаға арнап әр нәрселерін әкеліп жатты.

Сахабалардан Утба ибну Зәйд садақа беруге құштар болғаны соншалық, Ұлы Жаратушыға өзінің кедей екендігін айтып жалбарынып, түн ортасында былай деп мұңын шақты: «Я, Алла, Ұлы Жаратушым! Менің садақа беретіндей түгім жоқ. Бірақ мен осы уақытқа дейін маған зорлық-зомбылық көрсеткендердің, әлімжеттік қылып, тісі батқандардың бәрін шын ықыласпен кештім. Осы ісімді менен садақа ғып қабыл ала гөр! – деп жал- барынады.

Ертесіне таңертең Пайғамбарымыз сахабаларынан: «Кеше өзіне ақысы өткендердің бәрін кешірген кім?», – деп сұрады. «Мен», – деп орнынан түрегелген Утба ибну Зәйдке Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Садақаң қабыл болды», – деп сүйіншіледі. Әбу Мұсаның риуаяты бойынша: Пайғамбарымыз (с.а.у.) бірде:

 – Әр мұсылман садақа беруі тиіс, - дегенде: – Садақа беретіндей ештеңесі жоқ болса ше? – деген сұрақ қойылды.

 – Онда тер төгіп, еңбек етіп, өзіне де пайдасын тигізіп, басқаға да садақа берсін.

– Ал оны да істей алмаса ше?  

– Қиналған жанға қол ұшын берсін.

– Оған да шамасы жетпесе ше?

 – Жақсылықты дәріптесін.

– Оны да істемесе ше? – Жамандыққа жоламасын, – деді сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.).

материал «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: