21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Қырық жыл бойы үзбестен ораза ұстаған сахаба

Қырық жыл бойы үзбестен ораза ұстаған сахаба

Ғибратнама
Жарнама

Ораза адамның жасаған күнәларына, жаманшылықтарына кәффәрат болады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу әләйһи уа сәлләм): «Расында ер адамның фитнасы ол оның отбасында, баласында, малында, көршілерінде болады, ал енді соның кәффәраты ол – ораза, намаз, садақа және жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару»,-деген.

Бұрынғы өткен сахабалардан Дауд ибн Әбу Хинд деген адам қырық жыл бойы үзбестен ораза ұстаған екен, яғни бір күн ауызы ашық, бір күн берік. Оның осылай ораза ұстағанын тіпті отбасындағылар да білмейтін. Күнде жұмысқа шығатын кезде өзімен бірге алып шыққан тамағын егер ол ауызы берік болатын болса, садақа қылып біреуге беріп жіберетін. Сөйтіп кешке үйіне келіп ауызын ашып, оразасын тамамдайтын болған. Осылайша қырық жыл ұстаған оразасын отбасы білмей өткен екен.

дереккөз: muftyat.kz

Бөлісу: