29
Жұма,
Наурыз

һижри

«Кімде-кім өмірден ауызы берік күйінде өтсе…»

«Кімде-кім өмірден ауызы берік күйінде өтсе…»

Ғибратнама
Жарнама

Ораза адам баласының жәннәтқа кіруіне себеп болады, жәннәтқа кіруіне жол ашады.

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу әләйһи уа сәләм) «Кімде-кім өмірден ауызы берік күйінде өтсе, жәннәтқа кіреді», - деген хадисі бар. Пайғамбарымыздан (саллаллаһу әләйһи уа сәләм) жеткен риуаятта Әбу Умама деген сахаба Пайғамбарымызға келіп айтады: «Иә, Расулалла бүгін соғыс болайын деп жатыр, маған дұға етші Алладан сұрап, мен осы соғыста шәһид болайыншы», - дейді. Сол кезде Пайғамбарымыз (саллаллаһу әләйһи уа сәләм ): «Иә, Аллам бұларды аман ет, бай ет», - деп дұға қылады. Соғыс бітіп, бұлар соғыстан аман қалады және түскен олжамен бай болады.

Сөйтіп келесі жолы тағы да осылай айтады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу әләйһи уа сәләм ) тағы да осылай дұға етеді. Аман қалып малды болады.Үшінші рет тағы да шәһид болуын сұрап келеді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу әләйһи уа сәлләм) тағы дұға етеді. Осы дұғамен ол тағы да аман қалады, бай болады. Сосын Пайғамбарымызға келіп: «Иә, Расулалла мен сенен Алла жолында шәһид болуды сұраған едім, сен маған амандық пен байлық тіледің, енді маған сол арқылы жәннәтқа кіретін қандай да бір амалды көрсетші», - деген кезде Пайғамбарымыз (саллаллаһу әләйһи уа сәлләм): «Олай болса сен әрдайым оразаға берік бол», -  дейді. Бұдан кейін Әбу Умама және оның әйелі тіпті қызметшісі күндерін тек қана оразамен өткізген екен.

дереккөз: muftyat.kz

Бөлісу: