Атақты сахаба Омар ибн Әл-Хаттаб (р,а) Рамазан айы келгенде өзгелерге былай деп насихат айтатын еді:
«Расында, Алла сендерге бұл айда ораза тұтуды парыз етті, бірақ түнгі намаздарды парыз етпеді. Алайда, шын мәніне келсек, Рамазандағы бұл намаздар – Алла Тағала хабарлаған қосымша амалдардың ең абзалы! Ал кім оларды оқығысы келмесе, өз кереуетінде жата берсін.
Сондай-ақ, әрбірің: «Егер пәленше ораза тұтса, мен де тұтамын, егер түгенше түнгі намаздарды оқыса, мен де оқимын», – деп айтудан аулақ болсын. Сондықтан, кім ораза тұтса немесе түнгі намаздарды орындаса, оны тек Алла үшін істесін!».
материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,
ummet.kz