29
Жұма,
Наурыз

һижри

Мұсылман екеніңе дәлел бар ма? (ғибратты оқиға)

Мұсылман екеніңе дәлел бар ма? (ғибратты оқиға)

Ғибратнама
Жарнама

Көп қыздары бар бір әйел бар еді.Күйеуі өлгеннен кейін ол әйел жесір қалды.Көп қиналып, бейшара күйге түсті.

Өзінің мүсәпір күйіне намыстанған ол қыздарымен басқа жаққа көшіп кетуге мәжбүр болды. Бір елге көшіп барады. Ол елде намаз оқылмайтын бір мешітті паналады. Әйел қыздарын ол жерге қалдырып, азық ауқат тауып келуге шығып кетеді.

Содан сол елдегі аса дәулетті мұсылман байдың үйіне барып, есігін қағады. Әйел оған хал-жағдайды түсіндірді. Бірақ үй иесі: «Шынымен кедей екеніңді анықтайтын бір анықтама қағаз алып кел»! - деді. Әйел: «Мен жергілікті емеспін, бөтен жақтан келдім!» - десе де бай кісі түсінгісі келмеді. Жесір шарасыздықтан ол үйден шығып кете барады.

Сөйтіп басқа бір есікті қағады.Ол үйдің иесі отқа табынатын еді.Оған да жағдайын айтты. Отқа табынушы оны естігеннен кейін, өз әйелін әлгі жесір әйелге қосып, мешіттегі қыздарды үйіне алдырды. Үй иесі қарындары ашып келген қыздарды тамақтандырды. Сол түні жесір әйел мен оның жетімдеріне көмек қолын созбаған мұсылман кісі түс көрді.

Түсінде Ақыретті көреді. Бір тудың астында Пайғамбарымыз (с.ғ.с) тұр екен. Артында ғажап үлкен бір сарай. Бай: «О, Алланың елшісі, бұл сарайға кім кіреді?» - деп сұрайды. Расулулла (с.ғ.с) «Бір мұсылман кіреді» - деді. Ол кісі: «Мен де мұсылманмын, менің де кіруіме бола ма?» - деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оған: «Мұсылмандығыңды анықтайтын қағаз алып кел!» - деп айтты. Ол кісі түсініңкіремей таң қалды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сонда оған күндіз мұқтаж боп келген жесір әйелдің күйін есіне салды.

Бай шошып оянды, түсі туралы ойлап, жесір әйелге қол ұшын бермегеніне өкінді. Өйткені, жесір әйелден анықтама қағаз сұрағаны рас, қағаз әкелмегені үшін оны құр қол қайтарғаны да рас. Ертесіне орнынан тұра сала жесір әйелді іздейді.Ол әйелдің қыздары мен мешіттен кетіп қалғанын, содан отқа табынатын кісінің үйіне барып қонғанын сұрап біледі. Отқа табынатын кісінің үйіне іздеп барады. Отқа табынатын адамнан ол жесір әйелді қыздарымен бірге алып кетпек ойын айтты. Бірақ, үй иесі оларды қайтарудан бас тартты: «Бұл жесір әйел қыздарымен шаңырағыма кірген сәттен бастап үйіме береке кірді!» - деді.

Сонда әлгі мұсылман кісі отқа табынатын адамға ақша беретінін оларға кеткен ақысын төлейтінін айтты. Отқа табынатын адам оған күлді де: «Сен, менен алып кетпек болғандарға мен де лайықтымын.

Сен, түсіңде көрген сарайды Алла маған арнап дайындап қойса керек. Мұсылман болғаның үшін менен артықпын деп тұрсың ба? Аллаға ант, бүгін біз үй ішімізбен түгелдей бірдей түс көрдік. Үйге келген мына жесір әйел мен қыздары себеп болып, бәріміз хақ дін исламды қабылдадық. Мұсылман болдық. Түсімде Алланың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с) менен: «Жесір әйел мен жетім балалар қамқорыңда ма?» - деп сұрады. Мен: «Иә, Расулулла!» - дедім. Ол (с.ғ.с): «Мына зәулім сарай сен және отбасың үшін»,- деді. Содан бұл сөздерді естіген мұсылман кісі ұялып, өкінішпен әлгі үйден кете барды...

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


 

Бөлісу: