26
Жұма,
Сәуір

һижри

Қара жердің адам баласына айтқан насихаты

Қара жердің адам баласына айтқан насихаты

Ғибратнама
Жарнама

Әнас ибн Мәлік былай деді:

«Күн сайын жер адамға былай дейді екен: «Ей, Адам баласы! Менің үстімде тіршілік жасап жатырсың, бірақ барар орның менің ішім. Менің үстімде күнә жасайсың, ал оның сазайын ішімде татасың. Үстімде қарқылдап күлесің, ішіме кірсең жылайсың. Үстімде қатты қуаныштысың, ішімде қатты қайғыда боласың. Менің үстімде мал жинайсың, ол үшін ішімде өкінетін боласың. Үстімде харам жеп жүрсің, ал сені менің ішімде құрт-құмырсқа жейді. Менің үстімде кердеңдеп жүресің, менің ішіме түскенде сорлы боласың. Менің үстімде шат-шадыман жүресің, ішімде қатты қасіретте боласың. Үстімде жарық жерде жүрсің, астыма түссең, тас түнекте боласың. Үстімде көппен бірге жүрсің, астыма түскенде жападан жалғыз боласың».

материал «Қайтар күнге дайындық» кітабынан алынды,

ummet.kz 


Бөлісу: