21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Хазірет Әли (р.а) мен қайыршының оқиғасы

Хазірет Әли (р.а) мен қайыршының оқиғасы

Ғибратнама
Жарнама

Бір күні қайыршының біреуі Хазірет Әлидің (р.а.) алдында тұрып бір нәрсе сұрайды. Хазірет Әли (р.а.) ұлдары Хасан мен Хусейнге: «Шешелеріне барып үйдегі алты дирхамды алып келіңдер!» дейді. Хасан мен Хусейн барып алты дирхамді әкелеріне әкеліп береді. Хазірет Әли ол ақшаны қайыршыға береді. Алайда сол кезде өздерінің ақшаға қажеті болып тұрғанды. Фатима анамыз онымен үн алмақшы болған еді.

Хазірет Әли (р.а.) әлі үйінің табалдырығынан аттамай жатып қасына түйесін сатпақшы болған бір адам келеді. Ақшасын кейін берерсің деп түйесін Хазірет Әлиге жүз қырық дирхамға сатады да, түйені есік алдына байлап кетіп қалады. Арада көп уакыт өтпей басқа бір адам келеді де, сол түйені екі жүз дирхамға сатып алып ақшасын қолма-қол төлейді.

Хазірет Әли (р.а.) түйенің бұрынғы иесіне қарызын төлеп, қалған алпыс дирхамды бибі Фатимаға беріп былай дейді: «Әркім бір жақсылықпен келсе, оған сол істеген жақсылығының он есе артығы бар» (Әнғам сүресі, 160- аят) деген аятын оқып, бұл Алланың бізге берген уәдесі. Біз сол алты дирхамды бердік. Алла Тағала да он есе артығымен сыйын берді!

материал «Ораза. Зекет. Садақа» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: