21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Төле би баласына қандай келін іздеген?

Төле би баласына қандай келін іздеген?

Ғибратнама
Жарнама

Аттары болдырып, шөлдеп-шөліркеп келе жатқан Төле бидің алдынан бір топ атты қыз-келіншек көрінеді.

Ол топтың ішінде Данагүл дейтін кедейдің қызы бар еді.

– Ау, апайлар, тоқтаңыздар, аттарыңыздың басын тартыңыздар. Араларында асқан ақылды, данышпан қариялары, ашулы, арынды батырлары бар шығар. «Ер сыйлаған есікте қалмас» деген. Әлі-ақ бәрімізде бір-бір үйдің иесі боламыз. Шарапат-жақсылығы тиер, үлкен кісілердің батасын алып, алғысына бөленейік.

Жол кеспей өздерін күтіп тұрғанын Төле би алыстан байқайды. Жақындап келгенде аттан түсіп сыпайы сәлемдескен Данагүлден не үшін кідіргенін сұрайды.

Сондағы жауабына разы болған Төле би осы бір ғана қасиетінен-ақ келін қылып алуға бел буыпты. Ер азаматқа деген ілтипат пен сыйластық жайлы бұдан кейін не айтуға болады?…

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: