21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Дүниеге табынып кеткендердің ақыреттік жағдайы қандай өкінішті!

Дүниеге табынып кеткендердің ақыреттік жағдайы қандай өкінішті!

Ғибратнама
Жарнама

Иса пайғамбар (а.с.) бірде қатты жауған жаңбырдың астында қалып қояды. Дереу ықтайтын жер іздейді. Алыстан күрке көрінген соң таяп барғанда, іште бір әйелдің отырғанын көріп, ол үйге кірмегенді жөн санайды.

Төпелеп жауған жауынның астында сая іздеп, жолмен өрлегенде, алдынан бір үңгір кездеседі. Үңгірге бас сұға бергенде, іште бір арыстанның жатқанын көреді. Сол сәт пайғамбар арыстанның сауырынан сипап тұрып дауыстап: «Уа, Раббым! Әрбір тіршілік иесіне жұп нәсіп еттің, маған ғана жар нәсіп етпедің», – дейді мұңайып. Осы кезде Алла Тағала оған: «Сенің жарың мәңгілік жаннат мекенінде.

Мен сені өз құдіретіммен жаратқан хор қызымен үйлендіремін. Сөйтемін де «Тіршілігінде дүниеге қызықпағандар, қайдасыңдар? Мәриямұлы Исаның (а.с.) тойына келіңдер!» деп жар салдырамын» деген уахи түседі.

Бұны естігенде Иса пайғамбар (а.с.): «Дүниеге табынып кеткендердің ақыреттік жағдайы қандай өкінішті! Дүние оларға қанша опасыздық жасаса да, бәрібір соған құмартуын қоймайды. Бұндай дүниеқоңыздар оңбай кетсін! Дүние оларды жақынынан айырып, басына қанша қасірет үйіп-төгуде. Тіршілікті тек дүниемен ғана шектеп, үнемі күнәдан бас алмағандардың жағдайы қандай аянышты! Олар ертең ақыретте масқара болатындар», – деп, кейбір пенделер үшін қынжылды.

материал «Тағылым таразысы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: