22
Жұма,
Қараша

һижри

Жаманмен дос болған мұсылманды сақтандыру

Жаманмен дос болған мұсылманды сақтандыру

Ғибратнама
Жарнама

«Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас, тозбас мүлік етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
Жүміле ғаламға күлкі етер»

деп Шалкиіз жырау айтпақшы, мүмин ана дүниеде пұшайман қылатын жаман ортадан бойын аулақ ұстап, жақындары мен туыстарын да барынша қорғай білуі тиіс. Жаманмен дос болып, соның соңынан ергені үшін мұсылман қиямет күні бармағын шайнап: 

«Нендей өкініш маған. Әттең, мұнымен дос болмағанымда ғой» («Фурқан» сүресі, 28-аят), – деп жер соғып күйінеді екен.

Пайғамбарымыздың да (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кім-кім де досының дінінен алшақ кетпейді. Сол себептіәркім кіммен дос болып жүргеніне қарасын», - деуі тегін емес. Адамды қалыптастыратын – оның ортасы.

Хас мұсылманмен дос болғанның жаман әдетке үйір болуы тым сирек болса, нәпсінің бодауында кеткендермен таң атырып, күн батырғандардан да иманы кәміл кісі шығуы қиын.

Дос таңдау да мүмин үшін бірден-бір сынақ. Жауапкершілігі тағыбар. «Көршісі аш кезде тоқ жатқан бізден емес» - деп, мұсылманның аш қалмауын мықтап

тапсырған Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осы сөзі арқылы тек көмей мен қарынның қамын ғана емес, рухани азықпен қамтамасыз етуді де меңзеген болар.

Біз дініміз бен елімізге қызмет етер отансүйгіш мұсылман ретінде жүрегінде иманның шоқ-шаласы сөнуге шақ қалып тұрған адамды өзімізге тартып, оны рухани азықпен байытуымыз керек. Бұл Алла Тағала мен елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бізге жүктеген тікелей міндеті. Бұл міндеттен қашуды бір жағынан жихадтан тартыну, бір жағынан өз-өзімізге қиянат жасау деп білген жөн. 

 

Хайсами. Мәжмәуиз-Зәуид 8/167

материал «Тағылым таразысы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: