08
Жексенбі,
Қыркүйек

һижри

Ризық жеушім кетсе де, ризық берушім әлі жанымда

Ризық жеушім кетсе де, ризық берушім әлі жанымда

Ғибратнама
Жарнама

Бір дәруіш әйелін тастап, ұзақ уақытқа бір сапарға аттаныпты.

Күндердің күнінде әйелінің азық-түлігі таусылыпты. Мұны көрген көршілері:

- Жеп-ішерің таусылды, ал күйеуіңнің қайтуына әлі қаншама уақыт бар, енді қайтпексің? – депті.

Сонда әйелі жымиып:

- Ризық жеушім кетсе де, ризық берушім әлі жанымда, - деген екен.

Дәруіштің әйелі де дәруіш екен...

Көбіміз ризық жеуші мен ризық берушінің орнын ауыстырып ала береміз. Сопылар шынайы таухид иесі болғандықтан, көңілдеріне «Алладан басқа тәңір жоқ» деген кәлиманы қалайша нақыштаса, Алладан басқа ризық беруші де, Алладан басқа жеңіс беруші де, Алладан басқа асқақтатушы да жоқ деп, Алланың әрбір есімдерін көңілдеріне берік орнықтырған жандар.

материал «Тасаууф тұнығынан» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: