21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Лұқман хәкімнің баласына айтқан насихаты

Лұқман хәкімнің баласына айтқан насихаты

Ғибратнама
Жарнама

Лұқман хәкімнің баласына айтқан насихаты төмендегідей:

«Уа, балам! Намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқы! (Адамдарды) әрдайым жақсылыққа үгітте (үнде), (оларды) жамандық атаулыдан тыюға тырыс! Басыңа не келсе де сабыр ет! Міне, осы істердің әрқайсысы табандылық пен күш-жігерді талап ететін, сауабы да зор істердің бірі һәм бірегейі» «Ешкімге мұрныңды шүйірме, жер бетінде кердеңдеп жүрме! Шүбәсіз, Алла кеуде керіп, менменсіген мақтаншақтардың ешбірін ұнатпайды».

«Жүргеніңде һәм әр ісіңде байсалды бол! Сөйлегенде, дауысыңды қатты көтерме! Біле білсең, ең сүйкімсіз дауыс – (өңеші жыртылғанша ақыратын) есектің дауысы» («Лұқман» сүресі, 17-19 аяттар).

материал «Бауыржан Әлиұлының жазбалары» жинағынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: