18
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Күнәһар үшін жасалған дұға

Күнәһар үшін жасалған дұға

Ғибратнама
Жарнама

Бір дәруіш жұма намазда күнәһар адамдардың амандығы үшін дұға жасайды.

- Уа, Тәңірім! Олардың ешбірін жазалама! Ұрысы да, қарысы да, жезөкшесі де, жемқоры да, оңбаған алаяғы да аман болсын! – дейді ол.

Осы кезде көп ішінде тұрған біреуі шыдай алмай:

- Әй, не айтып отырсың? Пиғылы лас күнәһарлар үшін неге сонша егіліп дұға жасап отырсың? Одан да діндегі бауырларыңа дұға тілемейсің бе? – дейді.

- Менің тура жолға түсуіме діндарлар емес, осы күнәһарлар себеп болды. Бір заман да мен де солар секілді зұлымдық құшағында жүр едім. Жемқордың құлқынын көріп жерідім, жезөкшенің мінезін көріп бездім, қарақшының тас боп қатқан жүрегін көріп тәубеме келдім, сұмпайы мен арамзаның ниетін көріп ол ортадан қаштым. Егер олар болмаса мен тура жол іздемес едім. Сол үшін оларға қарыздармын, - депті.

Әй, дәруіш, дұшпанның кейбір іс-әрекеті, біздің кейбір насихатымыздан артық! «Әдепті кімнен үйрендің?» - деп Лұқпан Хәкімнен сұрағанда, ол: «Әдепсізден» деп жауап беріпті. Ұры болсын, қары болсын, барлық жаннан ғибрат ізде!

материал Мәулананың «Піл туралы талас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: