Лұқман бір уақытта қойшы болады. Қожайыны Лұқманның ақылын тексеруді ойлап, оған қой сойып ең жақсы екі мүшесін әкелуді сұранады.
Лұқман қойдың тілі мен жүрегін әкеледі. Келесі жолы қожайыны тағыда қой сойып, бұл жолы ең жаман екі мүшесін әкелуді бұйырады. Лұқман қайтадан қойдың тілі мен жүрегін апарады.
Қожайыны сұрайды: Қойдың ең жақсы екі мүшесін әкелуді сұраған кезде тілі мен жүрегін әкелдің. Ең жаман екі мүшесін әкел деген кезде қайтадан тіл мен жүректі әкелдің. Мұның даналығы неде?
- Бұл екі мүше жақсы болса одан жақсы ешнәрсе жоқ. Бұл екі мүше жаман болса одан жаман ештеңе жоқ. ( Рухуль - Байан 7/76 )
Тағылым: Лұқман – Құранда есімі аталған адам. Екі жағдайда да оның таңдауы дұрыс болды, себебі дененің басқа мүшелері тіл мен жүрекке бағынышты. Мұхаммед (салаллаһу ғалейһи уәссалам) айтады: Адам таңертең оянған кезде денесінің барлық мүшелері тілге ескертіп айтады: Біз үшін Алладан қорық, себебі саған бағыныштымыз. Егер тура жолда болсаң бізде тура жолда боламыз. Егер жолдан тайсаң бізде адасамыз. (Тирмизи, Зухд, 2407; Ахмад ибн Ханбал, Муснад, 11927).
Бізде бар болған ең құнды нәрсе иман, иман тілдің көмегімен бекітіледі. Бірақ дәл сол тіл адамды Тозаққа әкелуі мүмкін. Бір хадисте: Тілімен айтылған нәрсе адамды тозаққа жүзін төмен қаратып сүйреудің себебі болуы мүмкін екені айтылған. Мұхаммед ( салаллаһу ғалейһи уәссалам) айтады: Адамның денесінде бір кесек ет бар. Егер ол жақсы болса дененің барлығы жақсы. Егер ол жаман болса дененің барлығы жаман. Бұл кесек ет жүрек.
материал «Ғибадат тайм» кітабынан алынды,
ummet.kz