09
Сәрсенбі,
Шілде

һижри

«Сізге бұл нәрсені дініңіз үйретті ме?» (ғибратты оқиға)

«Сізге бұл нәрсені дініңіз үйретті ме?» (ғибратты оқиға)

Ғибратнама
Жарнама

Хазреті Баязид әл-Бистами (р.а) бірде жаңбырлы күні жұма намазына бару үшін үйінен шығады. Қатты жауған жаңбырдан жолдар балшық болатын.

Жаңбыр тоқтағанға дейін бір үйдің дуалына паналап тұрады. Лайға батқан аяқкиімін үйдің дуал тастарына сүртіп тазалайды да жаңбыр бәсеңдегенде мешітке қарай жүре бастайды. Бір кезде мәжусидің (отқа табынатын адамның) дуалын кірлеткені есіне түсіп өкінеді. «кешірім сұрамай,  (разылығын алмай) қалай намаз оқи аласың? Біреудің дуалын кірлеткен күйде қалай Аллаһу тағаланың алдында тұрасың?» деп ойлайды. Дереу кері қайтып мәжусидің есігін қағады. Есікті ашқан мәжуси:

- Бір бұйымтайыңыз бар ма? - деп сұрайды.

- Сізден кешірім сұрауға келдім.

- Кешірімі несі? Сізбен ешқандай сауда-саттық жасағаным жоқ.

- Біраз бұрын сіздің дуалыңызды байқаусыз кірлеттім. Жаңбырдың қаттылығы “құл ақысы” деген маңыздылықты ұмыттырды.

- Несі бар, бәрібір дуалым балшық ішінде, сіздің аяғыңыздан жағылған балшықтан да келер зиян жоқ еді.

- Бірақ бұл да болса құл ақысы және иесінің разылығын алу керек. Бәрібір кір деп, менің де кірлетуіге ақым жоқ еді.

- Сізге бұл нәрсені дініңіз үйретті ме?

- Ия, дініміз және бұл діннің пайғамбары Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үйретті. Сонда мәжуси «олай болса біз неге бұл дінге кірмей жүрміз?» деп мұсылман болады...

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: