09
Сәрсенбі,
Шілде

һижри

Алла менің ақымды қалай қайтарады?

Алла менің ақымды қалай қайтарады?

Ғибратнама
Жарнама

Мүмкін қазір «Алла менің ақымды қалай қайтарады?» деп өз-өзіңнен сұрарсың. Мүмкін қатты ашудан «Алла менің ақымды қалай алады екен?» деп айтарсың.

Қазір тек себептерді ғана ойлап, көріп тұрғандығыңнан барлық нәрсе саған ауыр, қиын боп сезіледі.

Жақыным! Жағдайыңның ауырлап кеткенін ойлама, өзің дұға қып жатқан Раббыңның құдіреттілігі жайлы ойла! Қашаннан бері Алладан «қалай?» деген сауалды сұраймыз?!

Қалай болуы Алланың қолында, біздің міндетіміз – шынайы көңілмен дұға ету ғана. Өмір майданының қалай реттелетіні, қандай нәрселерді қару ретінде қолдануымыз – Алланың ісі. Құдіретті Алла бәрін хикметімен реттейді. Нұх пайғамбар «мен жеңілдім, Өзің көмектес!» деп қолын көкке жайғанда адамдар Алланың жазасы ойға келмейтіндей ауыр болады деп ойлаған жоқ еді.

Аспан мен жердегі ешкім күрес алаңындағы Нұхтың қаруы – су болады деп ойлаған емес. Ақырында аспан бар суын төгіп, жер бар суын шығарып, тіпті, су жетпейтін биік құрлық атаулының бәрін су алып, бір сәт мұхит түбіне айналды емес пе? Алланың жазасынан Өзінен басқа кім арашалай алар еді?

Досым! Сен Намрудтың заманында өмір сүрсең, оның адамдарды өзіне сәжде етуге бұйырғанын, Ибраһиммен таласып:

– Мен де өлтіріп, тірілтемін!, - дегенін көрер едің.

Осыны елестете отырып, «Алла қалай жағдайды өзгертіп жіберді екен?», «ол майдан үшін қандай құрал таңдады екен?» деген ойға шомасың. Алла оған Өз әскерінің бірін жіберді. Кішкентай ғана әскер. Көзге де көріне қоймайды. Шіркей! Бір ғана шіркей мұрнынан кіріп, бас қуысында орнығып алып еді, жаны тек өзіне сәжде еткендердің аяқ киімімен басын ұрған кезде жай табатын жағдайға жетті. Осындай ойда жоқ, ерекше жағдайлар арқылы Алла бәрін реттейді!

Ибраһимнің отқа лақтырылғанын көріп «Алла отты өшіру үшін аспаннан жауын жаудырар, от өз-өзінен жанып жатқан дүние ғой» деп ойларсың. Одан басқа жол да жоқ сияқты.

Бірақ, от өз-өзінен емес, Алланың қалауымен жанып жатқан дүние еді. Алла оны өшірген де жоқ, жай ғана «Ибраһимге салқын, қатерсіз бол» деп еді, бола қалды.

Алла қаласа заттардың қасиетін де өзгертіп жібереді.

Өткір пышақ Исмаилдың тамағына тартылғанда өтпес темірге айналды. Жыртқыш балық Жүністі жұтып қойса да, жеп қойған жоқ.

Болмыстағы бар нәрсе Алланың әмірімен орындалады.

Себептерге назар аударып, алданып қалма.

Себептердің иесі – Алламен бол!

материал «Сенің қамқор ағаң» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: