«Адамдарға көркем сөз сөйлеңдер!» ("Бақара", 83).
«Жақсы сөз сөйлеу – садақа» деп бекер айтылмаған! Себебі ол жабық жолдарды ашады, жанды қалпына келтіреді және ойларды түзетеді!
«Ибн Рахояһ» атымен белгілі Ғишәқ ибн Ибрахим әл-Ханталидің «Пайғамбарымыздың тек қана еш шүбәсіз жеткен хадистерін бір кітапқа жинасақ етті» деген ұсынысы Бұхаридің жүрегінде қалып, бізге «Сахих хадистер» кітабын жинақтап берді!
«Сенің жазуың хадис ғалымдарының қолжазбасына ұқсайды». Бұл – Аламуддин әл-Бәрзалидің өзінің шәкірті Әз-Зәһабиге айтқан сөзі. Сондықтан оның хадис іліміне махаббаты ашылып, Алла оған хадис білімін нәсіп етті!
«Фиқһ бойынша қай деңгейдесіз, Шәфиғи?»
Жазушы Мұсғаб әл-Зубайри мұны Әш-Шәфиғи поэзияға әуестенген кезде айтқан және сол сөздерден кейін ол біз білетін Шәфиғи болған еді. Имам Ахмад ол туралы былай дейді: «Әш-Шәфиғи әлем үшін күн сияқты, ал адамдар үшін жақсылық сияқты болды!»
Есіңде болсын, бәлкім, адамдарға айтқан жылы сөзің олардың өмірін күрт өзгертіп жіберер...
материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,
ummet.kz