05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

«Өлім болмаса, өмір қандай жақсы болар еді»

«Өлім болмаса, өмір қандай жақсы болар еді»

Ғибратнама
Жарнама

«Ендеше дүние тіршілігі сендерді әсте алдамасын» ("Фатыр", 5).

Қанша ұзақ деп ойласаң да, бұл өмір – өте қысқа. Нұх пайғамбардан: «Не үшін қамыстан үй салдыңыз?» деп сұралғанда, ол: «Бұл марқұмның (бір күні өлетін адамның) үйі!» – деп жауап береді. Ол мың жылға жуық өмір сүрді және өмірді қысқа деп санады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Менің бұл дүниеде не шаруам бар, менің дүниемен байланысым бір ағаштың астында отырып демін алғаннан кейін тұрып, әрі қарай кеткен бір жолаушының жағдайы сияқты!» – деген болатын.

Бұл дүние кішкентай, тіпті сенің көзіңше өссе де! Алланың алдында дүние масаның қанаты құрлы болса, кәпір одан су іше алмайтын еді! Дүние өткінші!

Халифа Әл-Мансұр уәзірі Раби ибн Юнусқа: «Өлім болмаса, өмір қандай жақсы болар еді», – деді. Раби оған: «Керісінше, дүниенің бар игілігі өлімде», – деді. Мансұр одан: «Бұл қалай?» – деп сұрады. Сонда ол: «Өлім болмағанда, алдыңғы халифа қайтыс болмай, саған халифат мирас болып өтпес еді!» – деп жауап берген екен...

материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: