05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

«Абдулланың бір аяғы қияметте «Ухуд» тауынан да ауыр тартады»

«Абдулланың бір аяғы қияметте «Ухуд» тауынан да ауыр тартады»

Ғибратнама
Жарнама

«Аллаға қарай қашыңдар (пана іздеп ұмтылыңдар)!» ("Зарият", 50).

Әрбір қашу міндетті түрде қорқақ деген тұжырымға алып келеді, ал Аллаға қарай қашу – батылдардың әрекеті! Аллаға қашу – жеңілістен қашу және әлсіздің шешімі емес, ол – мықты адамның шешімі және жеңісті қашу!

Батылдықтың басқа да түрлері бар. Қолыңнан келгенше күнәдан тыйылу – батылдық!

Әр күнәдан кейін өкіну – батылдық!

Таң намазын оқу үшін көрпені көтеру – батылдық!

Ерлік пен батылдық тек бұлшықет күшіне қатысты емес!

Бір кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Абдулла ибн Масғұдқа ағашқа шығып, бір затты алып келуді бұйырды. Сахабалар Абдулланың жіңішке балтырын көріп, күле бастады. Алланың Елшісі (с.ғ.с) : «Олар не үшін күліп жатыр? Абдулланың бір аяғы Қиямет күнінде «Ухуд» тауынан да ауыр тартады», – деп айтты.

материал Қанат Байбосынұлы, Аслан Орақбаевтың «114» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: