18
Сенбі,
Сәуір

һижри

Әбу Ханифаның (р.а) ұлына жазған өсиеті

Әбу Ханифаның (р.а) ұлына жазған өсиеті

Ғибратнама
Жарнама

Имам Әбу Ханифа (Алла ол кісіні рахымына алсын) өзінің ұлы Хаммадқа былай деді:

- Уа балам, Алла Тағала сені тура жолға салсын әрі саған жәрдем берсін! Мен саған сондай бір өсиеттер айтамын, егер сен оларды жаттап және сақтауға күш салып, амал ететін болсаң, онда Алланың қалауымен мен сенің дініңде де, дүниеңде де бақытты (болуыңды) үміт етемін.

БІРІНШІСІ:

Алла Тағаладан қорыққандықтан жан-тәніңді күнәдан сақтап, құлы болғандықтан, Оның бұйрықтарын орындап тақуалыққа көңіл бөл!

ЕКІНШІ:

Білуің керек нәрсеңді үйренбей, надандықта жүрме!

ҮШІНШІ:

Өзіңнің діни және дүниелік істеріңде қажет болған адаммен ғана аралас!

ТӨРТІНШІ:

Басқаға ынсапты бол, бірақ өзгенің саған ынсапты болуын тек зәрулік жағдайда талап ет!

БЕСІНШІ:

Мұсылман болсын, зимми (мұсылман елінде тұратын мұсылман емес адам)  болсын ешқайсысымен жауласпа!

АЛТЫНШЫ:

Алла Тағала сені ризықтандырған байлығы мен абыройына қанағат ет!

ЖЕТІНШІ:

Адамдарға мұқтаж болмай, өзіңнің қолыңдағы бар нәрсені дұрыс бағындыра біл.

СЕГІЗІНШІ:

Адамдар саған жоғарыдан менсінбей қарайтындай дәрежеге жеткізетін әрекет жасама!

ТОҒЫЗЫНШЫ:

Әрдайым өзіңді пайдасыз, артық әңгімеден аулақ ұста!

ОНЫНШЫ:

Адамдармен жүздескенде әрқашан бірінші болып сәлем бер! Оларға жақсы сөз сөйле! Жақсы адамдарға сүйікті бол, нашар адамдармен мүләйімсін!4

ОН БІРІНШІ:

Алланы үнемі зікір ет һәм Оның елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көп салауат айтып жүр!

ОН ЕКІНШІ:

Истиғфардың мырзасы болған Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мына дұғасын айтып жүр:

«Аллаһумма, әнтә рабби, лә иләһә иллә әнтә, халақтани уә әнә абдук, уә әнә алә аһдик уә уағдик мәстәтағту, әбу-у ләкә биниғматика аләйа, уә әбу-у ләкә би занби, фағфирли, фа иннәһу лә яғфируз-зунуба иллә әнтә, әузу бикә мин шәрри мә санағту»

«Уа Алла! Сен менің Раббымсың, Сенен басқа құдай жоқ. Сен мені жараттың. Мен Сенің құлыңмын және Саған берген уәдемде тұруға әрі келісіміме берік болуға күшім жеткенше тырысып бағудамын. Сенің маған берген нығметтеріңді мойындаймын. Жасаған күнәларымды да мойындаймын. Мені кешірші, расында күнәларды Сенен басқа ешкім кешірмейді. Жасап қойған істерімнің зияныннан бір Өзіңнен пана сұраймын», - деп кешін батырып дүниеден өтсе, ол жәннатқа кіреді немесе жәннаттық болады. Егер таңертең айтып, сол күні қайтыс болса, дәл солай болады»  (хадис имам Бұхаридің «Сахихінде» және имам Әбу Дәуіт, ән- Насаи, ибн Мәжа, Ахмад, Тирмизи және ибн Хиббан өздерінің хадис жинақтарында жеткізді).  

материал «Имам Ағзамның өсиеттері» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: