«Мұхаммед ибн Сириннен артық тақуалықта фақиһ, фиқһта тақуа адам көрмедім» (Муриқ Әл-Ижли)
Сирин – Әнәс ибн Мәлик (р.а.) құлдарының бірі еді. Сахаба бостандық бергеннен кейін Сирин үйленуге бел буды. Оның қазан жасайтын ұсталығы бар еді. Шеберлігінің арқасында көп пайда түсіріп, кірісі де молайды. Әмирүл-мүминин Әбу Бәкір Сыддиқтың күңі Сафияны жары етіп таңдады.
Сафия сымбатты да ақылды, тәні де, жаны да сұлу, Мәдине әйелдерінің бәріне сүйікті бойжеткен еді. Әйелдік сұлулығына келгенде жас қыздардан асып түссе, ал, ақыл мен байыптылық жағынан кемеліне келген бәйбішелер сынды болатын. Оны әйелдердің ішінде ең жақсы көретін – Алла Елшісінің (с.а.у.) әйелдері болатын. Әсіресе оны Айша (р.а.) жанынан жақсы көретін.
Сирин Әмирүл-мүмининге Сафияға құда тү сіп келді. Сыддиқ (р.а.) күйеу жігіттен діні жайында сұрап, мінез-құлқын өз қызын ұзатып жатқандай тексеріп шықты. Әбу Бәкірдің жүрегінде Сафияға деген ерекше әкелік сезім бар еді. Сонымен қатар, Алла Тағаланың мойнына салған аманаты еді. Сириннің жай-күйін, өмірбаянын жақсылап сұрастырды. Бірінші барып сұраған кісісі, әрине,
Әнәс ибн Мәлик (р.а.) болды. Оған Әнәс:
– Әмирүл мүминин! Үйлендіріңіз. Оның діні түзу, мінез-құлқы адам көңілі тоярлық және ерлігі де жетіп жатыр. Оны ХӘлид ибн Уәлид «Айнүт-Тәмр» шай қа сында тұтқынға алған. Сол соғыстан кейін Мәди неге 40 тұтқынмен бірге келді. Сирин маған нәсіп болды. Міне, сол кезден бері оның тағдыры менің тағды рыммен байланысып келеді, – деді.
Әбу Бәкір Сафияны Сиринге үйлендіруге келісі мін берді. Әбу Бәкір өз қызын ұзатқандай етіп, Мәдине қыздарының көбісіне жасала бермейтін дүбірлі той жасап шығарып салды. Оның тойына ұлығ сахабалар келді. Олардың ішінде он сегіз бәдрилер (Пайғамбарымызбен (с.а.у.) бірге Бәдр шайқасына қатысқан сахабалар) бар еді. Бойжеткенге Алла Елшісінің уахи жазушысы Үбәй ибн Кәғб дұға қылып, қонақтар «әмин» десті. Ұзатар бұрын қызды киіндіруге, сәндеуге мүминдер аналарының үшеуі қатысты.
Осы берекелі отаудың жемісі, ұлығ кісілер қа тыс қан ұлан асыр тойдың нәтижесі ретінде отбасында нәресте дүниеге келді. Сол нәресте 20 жылдан кейін тәбиғин ғұламаларының бірі, мұсылмандардың ұлығ кемеңгеріне айналатын Мұхаммед ибн Сирин еді. Осы ұлығ тәбиғиннің өмірін басынан бастап айтып шығайық.
* * *
Мұхаммед ибн Сирин Осман ибн Аффан халифалығының бітуіне екі жыл қалғанда дүниеге келді. Тақуалық пен адамгершілік үстемдік еткен ша ңырақта өсті. Балиғат жасына толысымен-ақ, Пайғамбар (с.а.у.) мешітіне барып, сондағы сахабалардан дәріс, тәлім-тәрбие алды. Әсіресе, оған білім берген сахабалар:
Зәйд ибн Сәбит;
Әнәс ибн Мәлик;
Умран ибн Әл-Хусәйн;
Абдуллаһ ибн Омар;
Абдуллаһ ибн Аббас;
Абдуллаһ ибн Әз-Зүбәйр;
Әбу Һурайраһ.
Оларға Алла разы болсын. Олардың саф білімін шөліркеген адамдай ішті. Олардан Алланың кітабы бойынша білімдерін, діні бойынша пәтуаларын, Пайғамбары бойынша хадис риуаяттарын алды. Бұлар дың бәрі оның ақыл-ой өрісін кеңейтіп, біліміне білім қосып, парасаттылығын арттырып, тақуалық пен сӘлихалық жолында серік болды. Кейін үй-ішімен бірге Басра қаласына көшіп, сол жерде тұрақтады.
Басра қаласы ол кезде енді өркендеп келе жатқан жас қала еді. Бұл қаланы салуды мұсылмандар Халифа Омардың (р.а.) тұсында жоспарлаған болатын. Бұл шаһар сол ғасырдағы Ислам үмметінің айнасы болып саналатын. Сонымен қатар, Алла жолында жорыққа шыққан мұсылмандардың табан тірер тірегі сынды еді. Ол – Ирак және Парсы елінен Алланың дініне кір ген халықтарға білім беру және ағарту орталықтары ның бірі еді. Ол – дүниесі үшін мәңгі өмір сүретіндей, ақыреті үшін ертең өлетіндей жұмыс істейтін шынайы Ислам қоғамының бейнесі болды.
Сол қоғамның мүшесі Мұхаммед ибн Сирин де Басрада екі жолды да тепе-тең ұстанып өмір сүрді. Күнінің жартысын ғылым мен ғибадатқа, екінші жартысын кәсіп пен саудаға бөлді. Таң намазының уақыты кірісімен, Алланың нұры дүниеге тарай бастағанда Басра мешітіне білім беруге және дәріс алуға шығатын. Күн арқан бойы көтерілген кезде мешіттен базарға барып сауда жасайтын еді.
Түн жамылып, дүниені қараңғылық басқанда үйін дегі михрабта намазға тұрып, Құранның аяттарын оқып, Рахманнан қорқып, жүрегі шын егіліп жылайтын. Оның еңіреген даусын естіген үй-іші мен жақын тұратын көршілердің жүрек тамырлары үзіле жаздап, оған аянышпен қарайтын.
Күндіз базарда сауда жасап жүріп, адамдарға ақы ретті естеріне түсіріп, дүниеге көздерін ашып, Алла Тағалаға жақындататын амалдарға жол көрсетіп, ара ла рындағы жанжалды шешетін. Шаршап шал дық қандарға қызық әңгімелер айтып, көңілдерін кө те ре-тін. Көп сөйлеп өзінің абыройын, қадірін жо ғалт пайтын еді. Алла Тағала оны тура жолға салып, табиғатына жақ сылық жасау, дүние сырларын қабылдай білу және айналасына әсер ету қабілеттерін сыйлады.
Саудаға қатты кіріскен адамдар оны базарда көре қалса көңілдері шайдай ашылып, Алла Тағаланы еске алып, «Алладан басқа құдай жоқ, Ол – ең ұлы» деп зікір салушы еді. Оның іс жүзіндегі өмір-салты адамдар үшін үлгі еді. Оған екі түрлі сауда ісі ұсынылса, шығынға қалса да, дініне нұқсан келтір- мейтінін таңдайтын.
* * *
Оның дін құпияларын және ненің халал, ненің харам екенін білуі адамдарды таңқалдыратын. Бір күні оған бір адам өтірік айтып: «Сен маған екі дирхам (күміс ақша) қарызсың», – дейді. Оның өтірік айтып тұрғанын білген Мұхаммед беруден бас тартады. Оған әлгі кісі:
– Сен ант етесің бе? – дейді. Сондағысы екі дирхам үшін ант етпейді деп ойлайды.
– Иә, ант етемін, – деп, Мұхаммед ибн Сирин ант етеді.
Сонда адамдар оған таң қалып:
– Уа, Әбу Бәкір! Екі дирхам үшін ант етесің бе?! – депті.
Сонда да Мұхаммед:
– Иә, ант ішемін! Оның харам нәрсені жейін деп тұрғанын біле тұра қалай рұқсат етемін?! – деген екен.
* * *
Мұхаммед ибн Сирин жетпіс жеті жасқа келіп, дүниеден өтті. Ажал келгенде дүние жүктерінен жеңіл деп, өлімнен кейінгі өмірге көп нәрсе алып кетті.
Тақуа әйелдердің бірі Хафса бинті Рашид былай дейді:
– Мәруан Әл-МахмӘли деген көршіміз болатын. Ғибадатқа берік, бойсұнуда ыждағатты кісі еді. Ол қайтыс болған кезде қатты қайғырдық. Бір күні түсімде көрдім:
– Әбу Абдуллаһ! Иең саған не жасады?
– Жәннатқа кіргізді.
– Кейін?
– Оң жақ иелеріне көтерілдім.
– Кейін?
– Аллаға жақын адамдарға көтерілдім.
– Олардың арасында кімді көрдің?
– Әл-Хасан Әл-Басри мен Мұхаммед ибн Сиринді...
материал «Табиғиндер өмірінен өнеге» кітабынан алынды,
ummet.kz