28
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Құл қожайынынан озып кетті (ғибратты оқиға)

Құл қожайынынан озып кетті (ғибратты оқиға)

Ғибратнама
Жарнама

Шейх Мәкиниддин әл-Асмар былай баяндайды:

«Искандарияда бір қожайын мен құлды көрдім. Екеуінің үстінде көк пен жер арасын жауып тұрған бір ту бар еді. Мен таңғалып: “Ой, ғажап! Бұл ту қожайындікі ме, әлде құлдікі ме?” - деп ойладым.

Олардың соңынан ергенімде қожайын қажетін алу үшін дүкенге кіріп, құлдан ажырағанын көрдім. Құл алыстаған кезде нұрлы ту да онымен бірге кетті.

Сонда мен құлдың — Алланың достарының бірі екенін білдім. Мен қожайынға барып, құлын сатып алғым келетінін айттым. Ол не үшін сатып алғым келгенін сұрағанда, көргендерімді баяндап бердім.

Сонда қожайын: “Сенен гөрі мен оны азат етуге міндеттімін” - деп құлды азат етті. Сөйтіп әлгі құл — үлкен әулие болды».

Әулиелер әулиені таниды: кейбірі иістен таниды — оған хош иісті әтірдің иісі келеді; кейбірі дәмнен таниды — егер бір әулиені көрсе, аузына тәтті дәм, ал егер Алламен байланысын үзген пендені көрсе, аузына ащы дәм келеді.

материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: