21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Көздің нұрын қалай сақтаймыз?

Ғибратнама
Жарнама

Бір күні жас бала ұстазына келіп: «Ұстаз, мен жас болғандықтан қыздарға қарамай жүре алмаймынбұдан қалай тыйылсам екен?» деп сұрайды.

 Ұстазы жауап берместен сүтке толы кесені баланың қолына ұстатып «Мынаны базардағы сатушыға бір де бір тамшысын жерге төкпей апарып бер» деп бұйырады. Сосын екінші шәкіртін шақырып «Егер,мына жігіт сүттің бір тамшысын жерге төгетін болса,оны тура сол жерде қамшыла» дейді.

Әлгі жас жігіт ұстазының айтқанын екі етпестен қорыққанынан аса мұқияттылықпен бір де бір тамшысын жерге төкпестен базардағы кісіге апарып береді. Жаңағы жас жігіт өзінің ұстазына келген кезде ұстазы: «Жолда неше қызды көрдің деп сұрайды?» деп сұрайды. Жігіт: «Мен сүтті төгіп алсам ұятқа қаламын сосын мені қамшымен сабайды ғой деген оймен сүттен басқаға қарауға мұршам болмады» деп жауап қайырады. Сонда ұстазы:«Міне, мұсылман адамның жағдайы да осыған ұқсас, егер  Алланың бұйырғанын орындамасам Қиямет күні Алланың алдында масқарам шығады деген үреймен жүреді»деп, шешімін айтқан екен. 

Дайындаған: Ерлан Әлменов

Бөлісу: