26
Жұма,
Сәуір

һижри

Діннің қазынасы - білім

Ғибратнама
Жарнама

Бірде бір әйел кісі Хасан Басриге келіп:

"Уа, имам! Дін тазалығы деген не? Діннің мәні неде? Діннің қазынасы деген не?" – деп үш сауал cұрайды.

Сонда Хасан Басри оған:

"Діннің тазалығы – дәрет алу. Діннің мәні – Алладан қорқу және Алладан ұялу. Ал діннің күші – намаз оқу. Сондай-ақ, Алла ұятты құлын жақсы көреді. Діннің қазынасы – білім. Кім дәрет алуды елемесе, иманын таза ұстамағаны. Кімнің ұяты жоқ болса, иманы да жоқ. Кім Алла Тағаладан қорықпаса, иманының мәні болмайды. Кім білім ізденбесе – ол діннің қазынасына жолыға алмайды", - деп жауап береді.

Бөлісу: