26
Жұма,
Сәуір

һижри

Қай балаңды өлтіруді таңдайсың?

Ғибратнама
Жарнама

«Дәрігер, мен сізге маңызды бір шаруамен келіп отырмын. Не істерімді білмей, басым қатып кетті. Сіздің көмегіңіз қажет. Менің жасына толмаған ұлым бар. Ал, менің тағы да аяғым ауыр. Байқаусызда болды. Мен балаларымның жастарының жақын болғанын қаламаймын», - деді жас келіншек.

Дәрігер: «Иә, менің қандай көмегім қажет?», - деді. Келіншек: «Менің жүктілігімді тоқтатқаныңызды қалаймын, түсік жасатқым келеді».

Дәрігер бір сәт ойланып отырды да былай деді: «Сіздің қауіпсіздіңіз үшін және баланың амандығы үшін мұның бір шешімі бар», - деді. Келіншектің жүзіне күлкі үйіріліп, дәрігер өтінішімді қабыл еткен болар деп қуанып кетті.

Сонда дәрігер: «Мен сізге екі бірдей баламен әлек болып шаршамас үшін тұңғыш ұлыңызды өлтіруді ұсынамын. Сондай-ақ, сіз екінші перзентіңіз дүниеге келгенге дейін бала күтімінен арылып, біршама уақыт тыныш ұйықтайсыз. Егер екі балаңыздың бірін өлтіруіміз қажет болса, оның қайсысы болса да бәрібір емес пе? Бастысы, бірінші перзентіңізді өлтірсеңіз, өз денсаулығыңызға титтей де зияны тимейді», - дейді.

Дәрігерден мұндай жауап күтпеген жас келіншек: «Дәрігер, сіз не деп тұрсыз? Бұл деген сұмдық қой! Өз баламды өзім... Баланы өлтіру – қылмыс қой», - деп шыр-пыр күйге түсті. «Иә, қылмыс екеніне келісемін. Бірақ, сіз менің алдыма сол қылмысты жасау үшін келген жоқсыз ба? Өз балаңды тірідей тұншықтырып өлтіру болған соң, қасыңдағысы не құрсақтағысы не бәрібір емес пе?», - деп жымиған дәрігер жас анаға жасағалы тұрған қылмысын түсіндірген екен.

 

Төлеби Оспан

ummet.kz

Бөлісу: