21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Өмір сабағы

Ғибратнама
Жарнама

Ертеде дана қариялардың бірі төрт баласына өмір сабағын үйретіп, асығыс шешім қабылдамауға тәрбиелемек болыпты. Осы мақсатта оларды елден жырақта орналасқан алып дарақты көріп қайтуға біртіндеп жіберген көрінеді. Төртеуі жылдың төрт мезгілінде барады.

Қыста барған алғашқысы әлгі ағашты көріксіз әрі қурап кеткен екен деп сипаттапты.

Көктемде барған екіншісі: "Жоқ. Ол ағаш жасыл желек жамылған, әдемі дарақ", - депті.

Ағашты жазда көрген үшінші бауырлары екеуінің сөзіне таңданып: "Оның бетін гүл жапқан, аңқыған керемет жұпар иісті еді ғой", - дейді.

Төртінші, кенже ұл: "Сендер сонда ондағы самсап тұрған, уылжыған тәтті жемістерін көрмедіңдер ме?", - дейді.

Төртеуінің сөзін түгел тыңдап болған көпті көрген көнекөз әкелері: "Көрдіңдер ме, дәл осы секілді әр адамды бір сипатына қарап не бір жағдайда көрсеткен мінезіне қарап бағамдап, түсінік қалыптастыруға асықпау керек. Асығыс шешім оңдырмай опық жегізіп, көп жақсылықтан махрұм қалдыруы мүмкін", - деген екен.

Бөлісу: