21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Білімнің артықшылығы

Ғибратнама
Жарнама

Бірде хазіреті Әлиге он шақты яһуди келіп бір сұрақ берейік, егер ол шын саңлақ болса, он түрлі жауап тауып сөйлер деп сынамақшы болады. Сонымен күндердің күнінде әлгі яһудилер хазіреті Әлиге:

-  Ғылым артық па, әлде мал артық па? – деп оқыстан сұрақ қойыпты.

Сол мезетте Әли:

-  Бірінші, ғылым артық. Өйткені ғылым пайғамбарлардан қалған мирас, ал мал-перғауын мен Қарынбайдың мирасы.

-  Екінші, ғылым сені сақтайды, ал малды сен сақтайсың.

-  Үшінші, ғылымның досы көп, ал малдың дұшпаны көп.

-  Төртінші, ғылымды жұмсасаң арта береді, малды жұмсасаң азая береді.

-  Бесінші, ғылым саған құрметті атақ береді, ал мал сараң деген атақ қалдырады.

-  Алтыншы, ғылым өзін-өзі сақтайды, ал малды үнемі бағып күту керек.

-  Жетінші, ғылым қиямет күні иесіне жапағат етеді, ал мал иесіне қисапсыз жауап бергізеді.

-  Сегізінші, ғылым тозбайды,жоғалмайды. Мал болса, қолдың кірі, өледі, жоғалады.

-  Тоғызыншы, ғылым көңілді нұрландырады, адамға ақыл-ой қосады. Ал мал мастандырады, болған үстіне бола түссе екен деп дүниеқоңыз етеді.

-  Оныншы, ғылым Алланы тануға Оған құлшылық етуге алып барады. Ал мал иесінің көңіліне тәкаппарлық салады, - деп ауыздарына құм құйып, тапқырлықпен жауап қайтарған екен.    

Бөлісу: