19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Осы дұғаны айтқан адамға періштелер асығады

Ғибратнама
Жарнама

Аузымыздан шыққан әрбір сөзді жазып алатын періштелер бар. Және олар жасаған әрбір жақсылығымыз бен пендешілікпен қате кеткен тұстарымызды да қағазға түсіріп, түртіп отырады. Олар Аллаға қарсы келместен, Оның барлық бұйрықтарын орындайды. Періштелер адамдар үшін кешірім сұрайды.

Ал мына дұғаны айтқан адамға періштелер асығады:

كُنَّا يَوْمًا نُصَلِّي وَرَاءَ النَّبِي صلى الله عليه وسلم ، فَلَمَّا رَفَعَ رَأْسَهُ مِنَ الرَّكْعَةِ قَالَ : سَمِعَ اللَّهُ لِمَنْ حَمِدَهُ . قَالَ رَجُلٌ وَرَاءَهُ : رَبَّنَا وَلَكَ الْحَمْدُ ، حَمْدًا كَثِيرًا طَيِّبًا مُبَارَكًا فِيهِ . فَلَمَّا انْصَرَفَ قَالَ : مَنِ الْمُتَكَلِّمُ ؟ قَالَ : أَنَا . قَالَ : رَأَيْتُ بِضْعَةً وَثَلاَثِينَ مَلَكًا يَبْتَدِرُونَهَا ، أَيُّهُمْ يَكْتُبُهَا أَوَّلُُ

Сахаба Руфаға ибн Рафиғ Зурақи (р.а) айтты: «Бірде Алла Елшісінің (ﷺ) арқасында намазда тұрған едік. Ол (ﷺ) рукуғтан басын көтергенде «Самиғаллаһу лиман хамидаһ» («Алла құлының кімге мадақты айтқанын естіді») деді. Сол кезде арқасынан біреу: «Хамдан касирон тойибан мубарокан фиһ» (Аллаға көптеген игі және берекелі дәріптеулер арқылы мақтаулар болсын!) деді. Намаз біткенде Алла Елшісі (ﷺ) артына бұрылып: «Жаңағы сөздерді айтушы кім?» – деп сұрады.  Әлгі адам «мен» деді. Сонда Пайғамбар (ﷺ): «Мен отыздан астам періштенің сол сөздерді бірінші болып жазып алу үшін асығып жатқандарын көрдім» деген (Бухари).

ummet.kz

Бөлісу: