22
Жұма,
Қараша

һижри

Мазасыздықта, уайым-қайғыда оқылатын таңдаулы дұғалар

Ғибратнама
Жарнама

Күнделікті өмірімізде дұғаларды жиі оқып, Алланы жиі еске алып жүрген адамның тілегі қабыл болады. Алланы үнемі еске алудың төте жолы, күнделікті өмірімізде жиі қолданатын дұғаларды айтып жүру. Олай болса, мазасыздықта, уайым қайғыда оқылатын таңдаулы дұғалар топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.

«Я, Алла, шын мәнінде, мен Сенің құлыңмын. Сенің құлың мен күңіңнің ұлымын. Менің тағдырым Сенің қолында. Сенің шешімің маған міндет әрі маған шығарған үкімің әділ. Саған тән болған барлық есімдеріңмен, Өзінді атаған немесе Кітабыңда түсірген, немесе жаратылғандарыңның біріне үйреткен, немесе Өзіңнен басқаға құпия еткен барлық есімдеріңмен Өзіңе жалбарынамын: Құранды жүрегімнің көктемі, кеудемнің нұры, әрі мазасыздығым мен уайымымды әкетуші ете гөр!»

اللَّهُمَّ إِنِّي عَبْدُكَ، ابْنُ عَبْدِكَ، ابْنُ أَمَتِكَ، نَاصِيَتِي بِيَدِكَ، مَاضٍ فِيَّ حُكْمُكَ، عَدْلٌ فِيَّ قَضَاؤُكَ، أَسْأَلُكَ بِكُلِّ اسْمٍ هُوَ لَكَ سَمَّيْتَ بِهِ نَفْسَكَ، أَوْ    أَنْزَلْتَهُ فِي كِتَابِكَ، أَوْعَلَّمْتَهُ أَحَدًا مِنْ خَلْقِكَ، أَوِ اسْتَأْثَرْتَ بِهِ فِي عِلْمِ الْغَيْبِ عِنْدَكَ، أَنْ تَجْعَلَ الْقُرْآنَ رَبِيعَ قَلْبِي، وَنُورَصَدْرِي، وَجَلَاءَ حُزْنِي، وَ ذَهَابَ هَمِّي

«Аллаһуммә, инни ‘абдукә, ибну ‘абдикә, ибну әмәтикә, нәсыйяти би-йәдикә, мәдын фийәхукмук, ‘адлун фи-йә қадоукә, әс-әлукә би-кулли исмин һууә ләк, сәммәйтә биһи нәфсәк, әу әнзәлтәһу фи китәбик, әу ‘алләмтәһу әхәдән мин халқик, әу истә'сәртә биһи фи ‘илми-л-ғайби ‘индәк, ән тәж’алә-л-Қур'әнә раби’а қалби, уә нура садри, уә жәлә-ә хузни уә  зәһәбә һәмми!» (Ахмад).

«Ерекше Байсалды әрі Ұлы Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ұлы ‘Аршының Раббысы – Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, көктер мен жердің Раббысы әрі Ардақты ‘Аршының Раббысы – Алладан басқа құлшылыққа лайықты Құдай жоқ».

لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ الْعَظِيمُ الْحَلِيمُ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ رَبُّ الْعَرْشِ الْعَظِيمِ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ رَبُّ السَّمَوَاتِ، وَرَبُّ الْأَرْضِ، وَرَبُّ الْعَرْشِ الْكَرِيمِ

«Лә иләһа иллә-Ллаһу-л-’Азыйму-л-Халим, лә иләһа иллә-Ллаһу, Раббу-л- ’Арши-л-’азыйм, лә иләһа иллә-Ллаһу, Раббу-с-сәмәуәти уә Раббу-л-арды уә Раббу-л-’Аршил-кәрим» (Бұхари).

«Я, Алла! Сенің рахымыңа үмітетемін. Мені бір мезетке болса да өз нәпсіме тастама, әрі менің барлық жұмыстарымды оңда, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ!»

اللَّهُمَّ رَحْمَتَكَ أَرْجُو فَلَا تَكِلْنِي إِلَى نَفْسِي طَرْفَةَ عَيْنٍ، وَأَصْلِحْ لِي شَأْنِي كُلَّهُ لَ اإِلَهَ إِلَّا أَنْتَ

«Аллаһуммә, рахмәтәкә әржу, фә лә тәкилни илә нәфси тарфәтә ‘айн, уә аслих ли шә’ни кулләһ, лә иләһа иллә Әнт!» (Әбу Дәуд).

«Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Сен (кемшілік атаулыдан) Пәксің. Расында, мен (өзіме) зұлымдық жасаушылардан болдым»  «Лә иләһа иллә Әнта, субхәнәкә, инни қунту минә-з-золимин!» (Тирмизи) «Алла, Алла, Ол менің Раббым, Оған ешкімді серік етіп қоспаймын!»

اللّه، اللّه ربّي لا أشرك به شيئا

«Аллаһу, Аллаһу, Рабби, лә ушрику биһи шәй-ә!» (Әбу Дәуд).

«Я, Алла, мен үшін менің барлық ісімде маған қорған болатын дінімді реттеп бер (Яғни, дінді дұрыстап ұстағанға жердем бер), сондай-ақ мен өмір сұріп отырған осы дүниені реттеп бер (Яғни, осы дүниеде керектің бәрін маған хәләл етіп бер), сондай-ақ мен оған оралатын мәңгілік өмірді реттеп бер, сондай-ақ маған өмірімді тек игілік әкелетін еткіз, сондай-ақ мен үшін өлімімді барлық зұлымдықдықтан  құтылдырушы еткіз!»

اللَّهُمَّ أَصْلِحْ لِي دِينِي الَّذِي هُوَ عِصْمَةُ أَمْرِي، وَ أَصْلِحْ لِي دُنْيَايَ الَّتِي فِيهَا مَعَاشِي، وَ أَصْلِحْ لِي آخِرَتِي الَّتِي فِيهَا مَعَادِي، وَاجْعَلِ الْحَيَاةَ زِيَادَةً لِي فِي كُلِّ خَيْرٍ، وَاجْعَلِ الْمَوْتَ رَاحَةً لِي مِنْ كُلِّ شَرٍّ

«Аллаһумма, аслих ли дини алләзи һууа 'исмату амри, уә аслих ли дунйайа алләти фиһа ма'аши, уә аслих ли ахырати алляти фиһа ма'ади, уаж'ал  әл-хайата зийадатан ли фи кулли хайр, уа-дж'ал әл-маута рахатан ли мин кулли шарр!» (Муслим).

ummet.kz

Бөлісу: