22
Жұма,
Қараша

һижри

Сіз жиі шағымданатын 10 жағдайға Құраннан нақты жауап

Ғибратнама
Жарнама

Біз жалған өмірде қарапайым ғана нәрселерге көп уақыт жұмсап, күш салмайтын дүниеге бола қуатымызды тауысамыз. Алайда, біз бір нәрсені ұмытып кетеміз. Сіз мына өмірде жиі шағымданатын 10 жағдайға Құраннан мынадай нақты жауап алыңыз.

 

  1. «Мен ең қымбат ұялы телефон алғым келді...»

وَمَا الْحَيَاةُ الدُّنْيَا إِلَّا لَعِبٌ وَلَهْوٌ  وَلَلدَّارُ الْآخِرَةُ خَيْرٌ لِّلَّذِينَ يَتَّقُونَ  أَفَلَا تَعْقِلُونَ

«Дүние тіршілігі ешнәрсе емес. Ойын-сауық қана. Әрине ақырет жұрты тақуалар үшін жақсы. Сонда да түсінбейсіңдер ме?» («Әнғам» сүресі, 32-аят).

 

  1. «Шіркін, үйіміз үлкенірек болса...»

وَضَرَبَ اللَّهُ مَثَلًا لِّلَّذِينَ آمَنُوا امْرَأَتَ فِرْعَوْنَ إِذْ قَالَتْ رَبِّ ابْنِ لِي عِندَكَ بَيْتًا فِي الْجَنَّةِ وَنَجِّنِي مِن فِرْعَوْنَ وَعَمَلِهِ وَنَجِّنِي مِنَ الْقَوْمِ الظَّالِمِينَ

«Алла Тағала иман келтіргендерге Перғауынның әйелін мысал көрсетті. Сол уақытта ол: «Раббым! Өз жаныңнан маған пейіште бір үй жаса әрі мені Перғауыннан және оның істегендерінен құтқар. Сондай-ақ, залым елден де құтқар» деген еді. («Тахрим» сүресі, 11-аят).

 

  1. «Әлеуметтік желілердегі оқырманым аз...»

يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ حَسْبُكَ اللَّهُ وَمَنِ اتَّبَعَكَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ

«Әй Пайғамбар! Алла Тағала саған және мүміндерден саған ергендерге жетіп асады» («Әнфал» сүресі, 64-аят).

jpg000123 2

  1. «Анам кешкі асқа тағы да күріш пісіріпті...»

وَقَضَىٰ رَبُّكَ أَلَّا تَعْبُدُوا إِلَّا إِيَّاهُ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا  إِمَّا يَبْلُغَنَّ عِندَكَ الْكِبَرَ أَحَدُهُمَا أَوْ كِلَاهُمَا فَلَا تَقُل لَّهُمَا أُفٍّ وَلَا تَنْهَرْهُمَا وَقُل لَّهُمَا قَوْلًا كَرِيمًا

«Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: «Түһ» деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ, ол екеуіне зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле» («Исра» сүресі, 23-аят).

 

  1. «Неге менің көлігімде жылу беретін орындық жоқ?!»

لَّهُمْ عَذَابٌ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا  وَلَعَذَابُ الْآخِرَةِ أَشَقُّ  وَمَا لَهُم مِّنَ اللَّهِ مِن وَاقٍ

Алла Тағала: «Оларға дүние тіршілігінде азап бар. Әрине ақыретте азабы тағы қатты. Сондай-ақ оларды, Алладан ешбір қорғаушы жоқ,» – деп ескертеді. («Рад» сүресі, 34-аят).

 

  1. «Менің тәрелкеме көбірек салыңыз!»

يَا بَنِي آدَمَ خُذُوا زِينَتَكُمْ عِندَ كُلِّ مَسْجِدٍ وَكُلُوا وَاشْرَبُوا وَلَاتُسْرِفُوا  إِنَّهُ لَا يُحِبُّ الْمُسْرِفِينَ

«Әй адам балалары! Әрбір құлшылық орнында зейнеттеріңді алыңдар (киініңдер). Және жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді» («Ағраф» сүресі, 31-аят).

jpg000123 1

  1. «Қайтадан жаңбыр ма? Ауа-райы шаршатты...»

وَنَزَّلْنَا مِنَ السَّمَاءِ مَاءً مُّبَارَكًا فَأَنبَتْنَا بِهِ جَنَّاتٍ وَحَبَّ الْحَصِيدِ

«Аспаннан берекетті жаңбыр жаудырып, сонда ол арқылы бақшалар және орылатын астық өсірдік» («Қаф» сүресі, 9-аят).

 

  1. «Киетін ешнәрсем жоқ...»

إِنَّمَا أَمْوَالُكُمْ وَ أَوْلَادُكُمْ فِتْنَةٌۚ وَ اللَّهُ عِندَهُ أَجْرٌ عَظِيمٌ فَاتَّقُوا اللَّهَ مَا اسْتَطَعْتُمْ وَاسْمَعُوا وَ أَطِيعُوا وَ أَنفِقُوا خَيْرًا لِّأَنفُسِكُمْ  وَمَن يُوقَ شُحَّ نَفْسِهِ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ

«Шын мәнінде малдарың, балаларың бір сынақ. Үлкен сыйлық Алланың қасындағы. Сондықтан шамаларың келгенінше Алладан қорқыңдар. (Әмірлерін) тыңдаңдар, бой ұсыныңдар. Сондай-ақ, тиісті орындарға мал жұмсаңдар; сендер үшін қайырлы болсын. Кім нәпсісінің сараңдығынан сақсынса, міне олар, құтылушылар»(«Тәғабун» сүресі, 15-16 аят).

 

  1. «Тәтті тағам жегім кеп тұр...»

فَكُلُوا مِمَّا رَزَقَكُمُ اللَّهُ حَلَالًا طَيِّبًا وَ اشْكُرُوا نِعْمَتَ اللَّهِ إِن كُنتُمْ إِيَّاهُ تَعْبُدُونَ

«Ал, енді Алланың сендерге берген ризығының халал, тазасынан жеңдер. Сондай-ақ егер Оған ғана құлшылық қылатын болсаңдар, Алланың нығметіне шүкіршілік қылыңдар» («Нахл» сүресі, 114-аят).

 

  1. «Мені ешкім түсінгісі келмейді...»

فَاذْكُرُونِي أَذْكُرْكُمْ وَاشْكُرُوا لِي وَ لَا تَكْفُرُونِ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اسْتَعِينُوا بِالصَّبْرِ وَ الصَّلَاةِ  إِنَّ اللَّهَ مَعَ الصَّابِرِينَ

«Енді, Meні еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкіршілік қылыңдар да қарсы болмаңдар. Әй мүміндер! Сабыр және намазбенен (Алладан) жәрдем тілеңдер, күдіксіз Алла Тағала сабыр етушілермен бipгe» («Бақара» сүресі, 152-153 аят).

ummet.kz

Бөлісу: