22
Жұма,
Қараша

һижри

Мұсылман байқамайтын ең бағалы бақыт

Ғибратнама
Жарнама

Иманды адам екі дүниеде де қауіпсіздікте болады. Имандылар ғана барлық жұмыр бастылардың басқа жақтан іздеп таппай жүрген бақытына қол жеткізеді.

Бірақ өкінішке орай, мұсылманбыз деп кеуде соққанымызбен көпшілігіміз осы сөздің өзін біле қоймаймыз. Кейбіріміз айта білгенімізбен мағынасын түсіне бермейміз. Түсінген күнде де тіршілікте соған сай амал етуге асыға қоймайтынымыз тағы бар...

Иә, бізге көбіміз елей бермейтін бақыт берілген, ол – иманды болу бақыты. Біз басымызға түскен сынақтарға, кедейлігімізге, ауырғанымызға, армандарымыздың орындалмайтынына,  қалағанымыздың  іске аспайтынына, біз аңсаған дүние нығметтерінің  келмейтініне арызданамыз. Сөйте тұра, бізге берілген ең ұлы нығметті – иман нығметін байқаудан бас тартамыз.

Жан-жағыңызға қараңызшы, Алла Тағалаға иман келтірмеген,  Жәннәт пен тозақтың барына  сенбейтін,  Алла Тағаланың сыйы мен жазасын мойындаудан бас тартатын,  әрі Оның ғаламдағы сансыз ғаламаттарын аңғармайтын қаншама адамды көресіз. Олар Алла Тағаланың рахымынан үміттенбейді, иман, Алла Тағалаға деген тәуекел, Оған дұғамен жалбарыну, Оған құлшылық ету, Оның жақындығын, қамқорлығын, демеуі мен қорғауын сезіну әкелетін қуаныш оларға беймәлім. Ал біз түкке тұрғысыз өткінші нығметтер үшін  нығметтердің ішіндегі ең ұлысын ұмытып кетеміз.

ummet.kz

Бөлісу: