22
Жұма,
Қараша

һижри

Ережеп айына құрмет көрсеткен салихалы әйел

Ережеп айына құрмет көрсеткен салихалы әйел

Ғибратнама
Жарнама

Салихалы бір әйел жылда Ережеп айының әр күнінде он екі мың рет «Ықылас» сүресін оқиды екен. Осы ғибадаты үшін арнайы киетін көйлегі болыпты. Ол көйлегін тек он екі мың рет «Ықыласты» оқитын кезде ғана киетін.

Әрдайым баласына: «Балам, мен о дүниелік болғанда осы көйлегіммен көм!» – деп өсиет айтады екен. Бір күні ажалы келіп, салихалы әйел жан тапсырады. Баласы анасының өсиетін біліп тұрса да анасына жаны ашып, киілген киіммен емес, жаңа кебінмен көмеді. Сөйтіп, жерлеу рәсімін атқарып кеш батқан соң жас жігіт ұйқыға кетеді. Түсінде анасын көреді. Анасы баласына: «Балам, сен неге менің өсиетімді орындамадың? Мені Ережеп айында он екі мың рет «Ықылас» сүресін оқығанда киетін көйлегіммен көм деген едім ғой,» - дейді. Баласы таң ата оянып кетеді де, анасының көйлегін алып, бейітінің басына барады. Анасының қабірін қанша терең қазса да денесін таба алмайды. Көйлекті қабірдің ішінде қалдырып, үйіне қайтады. Жас жігіт сол күні тағы түс көреді. Түсінде бір дауыс: «Сен анаңның қабірін қазып, өзі қалаған көйлегін кигізгің келді, бірақ анаңды таба алмадың ғой, иә?» - деп сұрайды. Жігіт: «Иә, анамды таба алмадым. Анам қайда?» - дейді.

Сонда әлгі дауыс: «Ережеп айында Алла разылығы үшін он екі мың рет «Ықылас» сүресін оқыған анаңды жер астында қалдырады деп ойладың ба?» - деген екен.

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


 

Бөлісу: