21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Тағдырыңызды түгелімен өзгертетін бір аят

Тағдырыңызды түгелімен өзгертетін бір аят

Бір аят тәпсірі
Жарнама

Қасиетті Құран Кәрімде өміріңізді өзгертетін бір аят бар.

Бұл – «رضي الله عنهم و رضوا عنه» яғни, «Алла олардан разы, олар да Одан (Алладан) разы» деген аят. Бұл аят «Мәидә» сүресінің 119-аятында, «Тәуба» сүресінің 100-аятында, «Мүжәдәлә» сүресінің 22-аятында және «Бәйина» сүресінің 8-аятында қайталанады.

Бұл аят екі бөліктен тұрады: Бірінші бөлігі - Алланың құлынан разы болуы, оған барлығымыз асығамыз. Менің ойымша бұл бөлігі бәрімізге түсінікті. Екінші бөлігі болса, ең ауыры  және  маңыз бергім келгені де осы жағы. Ол Алла Тағаланың: «Олар да Одан разы болды», - деп бұйырғаны. Міне осы жерде «Сен Алладан разымысың?» деген сұрақ туындайды. Расында қиын сұрақ... Алладан разы болу дегеніміз – Жаратқан бұл дүниеде жақсылық пен жамандықтан саған не бөліп берсе, соған бойұсыну және риза болу деген сөз. Алладан разы болу дегеніміз басың бір бәлеге ұшыраса, жүрегіңе йақин (шынайы) сенім орнауы. Себебі  сен Раббың осы бәлені сен үшін қайыр (жақсылық) тілеп бергенін білесің. Алладан разы болу дегеніміз жаратылғанға шағымдануды тоқтатып, ісіңді тек бір Жаратқанға тапсырып, Оған ғана өтініш ету дегенді білдіреді. Алладан разы болу дегеніміз саған Жаратқан берсе де, алса да, байытса да, кемітсе де, сау болсаң да, ауырсаң да разы болу және барлық жағдайда да Оған разы болу  дегендік. Айналаңа қарап, өзіңнен сұра: Сен өз түр – сипатыңа, еріңе не жұбайыңа, отбасыңа және қал-жағдайыңа разысың ба? Міне, осы нәрсенің  барлығын Алла Тағала сен үшін таңдап берді. Сен Жаратқанның таңдауына разысың ба?

Осы аятты түсінуіміз үшін маңызды бес нәрсені жақсылап білуіміз қажет:

1.Алладан разы болуымыз кейбір кезде бір себептен не басқадан келген қиыншылықты сезінуіміз  кезінде  үйлесім таппай қалады, өйткені біз адам баласымыз, ал бұл дүние болса емтихан алаңы, одан ешкім де құтыла алмайды. Сондықтан, Жаратқанның ең жақсы пендесі де баласы өлсе, жылайды.

2.Разы болу мен сабыр етудің арасында айырмашылық бар. Өйткені, разы болудың дәрежесі сабыр етуден жоғары. Сабыр етуің болса, ол басыңа келген қиындыққа сенің тағдырың болғаны үшін, не қолыңнан келер шараң жоқ болған соң сабыр етуің. Ал, разы болу болса, басыңа келген қиындық үшін Аллаға шүкір етуің.

3.Алладан  разы болу дегеніміз ең жоғары дәреже. Оған жүрегі Аллаға деген махаббатқа толған адам ғана жете алады. Кейбір кезде айналамыздағы адамдар басына келген бір қиыншылықта Пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі оған болсын) айтқан мына сөздерін : رضيت بالله رباً وبالإسلام ديناً وبمحمد صلى الله عليه وسلم نبيا «Раббымның Алла , дінімнің Ислам, Пайғамбарымыздың Мұхаммед (Алланың салауаты мен сәлемі оған болсын) болғанына разы болдым», -  айтып, қайталағанын естисіз. Нендей керемет иман, нендей керемет йақин!

4.Йақин іліммен біліңіз, Алла Тағала сенің не күнәларыңды кешіру үшін, не жәннаттағы дәрежеңді көтеру үшін ғана саған сынақ жібереді, сондықтан Раббыңа разы бол.

5.Егер адам баласы Раббысынан разы болмаса, «من رضي فله الرضا ومن سخط فله السخط» яғни «Кімде-кім разы болса, ризашылық, ал кімде-кім көңілі толмаса, кейістік табады» хадисінде келгеніндей бүкіл дүниені қолына берсең де разы болмайды. Сондықтан, бәрі нәрсеге көңілі  толмай, өмірі бақытсыз болып және  елден бөлініп өткізеді. Сол себепті ең бірінші өз өмірің жайлы ойланып, талдау жасап көрші, сенен тыйылған , не сенен алынып қойған нәрселер үшін Алладан разысың ба?

Сондықтан «Раббым мен Саған  разымын , менен  разы бол», - деп көп қайталап айт. Сөздерің мен істеріңе қарап көр, егер бойыңдағы наразылығың мен шағымыңды тоқтатпасаң, онда адамдардың ең сорлысысың және қатерлі жағдайда болғаның. Өзіңе қайтып: Өмірің қиын болып кетсе де, «Раббымның Алла , дінімнің Ислам, Пайғамбарымыздың Мұхаммед (Алланың салауаты мен сәлемі оған болсын) болғанына разы болдым», - деп айт. Есіңе ал, Алладан разы болуың сені Алланың разылығына қауыштыратын жол. Аллаға  махаббатыңды арттыратын әрбір амал арқылы жақында, өйткені Алланы жақсы көрсең, Алланың тағдырына, қазасына разы болғаның. Алайда, бұл – имани мәселе. Сондықтан, Алладан риза болу дегенде адамның басына келген сынақтар мен қиындықтармен күреспей, өзі харекет қылмай жатып алуын меңземейтінін де білуіміз керек.

ummet.kz

Бөлісу: