Қарыздан құтылу үшін Алладан көмек сұрайтын дұғалар:
«Я, Алла! Мені хәлал еткен нәрселерің арқылы харам еткен нәрселеріңе жүгінуден сақтай гөр, әрі Өз кеңшілігіңмен мені Өзіңнен басқаларға мұқтаж етпе!»
«Аллаһуммә, кфи-ни би халәликә ‘ан хәрамикә уә әғнини би фәдликә ‘аммән сиуәк!»
«Я, Алла! Расында, мен Саған уайым-қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, сарандық пен қорқақтықтан, қарыздың ауыртпалығы мен адамдардың қыспағынан Өзіңе сиынамын!»
«Аллаһуммә, инни ә’узу бикә минәл һәмми уәл-хәзәни, уәл-’ажзи уәл-кәсәли, уәл- бухли уәл-жубни, уә долә’и-д-дәйни уә ғаләбәтир-рижәл» (Бұхари).
«Я, Алла! Сенің рахымыңа үміт етемін. Мені бір мезетке болса да өз нәпсіме тастама, әрі менің барлық жұмыстарымды оңда, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ!»
«Аллаһуммә, рахмәтәкә әржу, фә лә тәкилни илә нәфси тарфәтә ‘айнин, уә аслих ли шә’ни кулләһу, лә иләһа иллә Әнта!» (Әбу Дәуд).
«Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Сен (кемшілік атаулыдан) Пәксің. Расында, мен (өзіме) зұлымдық жасаушылардан болдым»
«Лә иләһа иллә Әнта, субхәнәкә, инни қунту минә-з-золимин!» (Тирмизи).
«Я, Алла, мен үшін менің барлық ісімде маған қорған болатын дінімді реттеп бер (Яғни, дінді дұрыстап ұстағанға жердем бер), сондай-ақ мен өмір сұріп отырған осы дүниені реттеп бер (Яғни, осы дүниеде керектің бәрін маған хәләл етіп бер), сондай-ақ мен оған оралатын мәңгілік өмірді реттеп бер, сондай-ақ маған өмірімді тек игілік әкелетін еткіз, сондай-ақ мен үшін өлімімді барлық зұлымдықдықтан құтылдырушы еткіз!
«Аллаһумма, аслих ли дини алләзи хува 'исмату амри, уә аслих ли дунйайа алләти фиха ма'аши, уә аслих ли ахырати алляти фи-һа ма'ади, уа-дж'али-ль-хайата зийадатан ли фи кулли хайрин, уа-дж'али-ль-маута рахатан ли мин кулли шаррин!» (Муслим).
Әбу Умам (оған Алла разы болсын) былай дейді: «Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаға көптеген дұғалар жасайтын да, оларды біз есімізде сақтай алмайтынбыз, сосын бірде біз оған: «Я, Алланың елшісі, сен Аллаға көптеген дұға жасап, оларды біз есімізде сақтай алмадық!», - дедік. Бұнымызға Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Сендерге осының бәрін біріктіретінді үйретейін бе? Былай деңдер: «Я, Алла, мен Өзіңнен Сенің пайғамбарың Мұхаммад (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), сұраған игілікті сұраймын және Өзіңнен Сенің пайғамбарың Мұхаммад (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), сыйынған барлық зұлымдығынан сыйынамын! Көмекті Өзіңнен ғана сұрау қажет, ал дұғаны қабыл етуді Өзің ғана шешесің және Алладан басқа ешкімде күш қуат жоқ!»
«Аллаһумма, инни ас'алю-кә мин хайри ма са'аля-кә мин-һу набийу-кә Мухаммадун, салля-Ллаху 'аляй-һи уа салләма, уа а'узу би-кә мин шарри маста'аза мин-һу набийу-кә Мухаммадун, салля-Ллаху 'аляй-һи ва салләма! Уа Анта-ль-муста'ану, уа 'аляй-кә-ль-баләгу уа ля хаулә ва лә қууата иллә би-Ллаһи!» (Тирмизи).
ummet.kz