25
Дүйсенбі,
Қараша

һижри

Асыл дініміздегі аманаттың түрлері

Асыл дініміздегі аманаттың түрлері

Дәстүр даналығы
Жарнама

Аманат сөзінің асыл дінімізде алар орны ерекше. Осы бір ғана сөз адамның Алламен қандай байланыста екенін, оның ақыреттегі есеп-қисаптан қаншалықты қорқатынын көрсетеді. Аманат дегенде бірден қиянат сөзі еске түседі.

«Аманатқа қиянат жүрмейді» деген халық даналығы да бар. Бұл туралы қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: «Біз аманатты көктерге, жерге және тауларға ұсындық. Олар мұны қабылдаудан бас тартты, (жауапкершілігінен) қорықты. Оны адам қабыл алды. Шынында, ол – өте залым әрі надан», – дейді («Ахзаб» сүресі, 72-аят). Осы жерде адамның қабыл алған аманатының ауырлығы және оны орындау өте қиын екендігі меңзелген. Асыл дініміздегі аманттың түрлеріне хадистер арқылы тоқталып өтейік:

«Әйелдер – сендерге берілген Алла тағаланың аманаты» (Ибн Жәрир).

 

«Жұбайларыңды ренжітпеңдер! Ол – Алла тағаланың сендерге берген аманаты.» (Муслим).

 

«Жұбайының жасырын сырларын басқаларға айту – аманатқа қиянат жасау болып табылады» (Муслим).

 

«Қызын пасыққа (күнаһарға) берген адам Алла тағаланың аманатына қиянат еткен болады. Аманатқа қиянат еткендердің баратын жері – тозақ» (С.Әбәдийа).

 

«Кедейлік – аманат. Мұны жасырған адам ғибадат жасаған болады. Кедейлігін жария еткен адам да дін бауырларын қарыздар қылған болады.» (Ибн Асакир).

 

«Сөз – аманат. Жаман сөзді жеткізу (сөз тасу) халал болмайды» (Әбу Нуайм).

 

«Сендерге екі нәрсені аманат етіп қалдырып барамын. Оларға мықтап жабысыңдар (сөйтсеңдер) еш уақытта адаспайсыңдар. Оның бірі – Алланың кітабы – Құран, екіншісі – Сүннетім» - деген (Имам Хаким).

 

«Сендердің  бәрің де бақташысыңдар, бәрің де өз отарларыңа жауаптысыңдар. Әмірші - адамдарға бақташы, ол сол отарына жауапты, ер кісі –  өз отбасына бақташы, сол отарына жауапты, ал, әйел - күйеуінің үйіне және баласына бақташы әрі соларға жауапты,–  деген. (Имам Муслим).

 

Әрбір аманатқа қиянат жасамау үшін әрдайым Алла Тағаланың Көруші, Білуші және Есеп алушы екенін әсте естен шығармаған жөн.

 

ummet.kz

Бөлісу: