25
Дүйсенбі,
Қараша

һижри

Қонақты қанша күн күту керек?

Қонақты қанша күн күту керек?

Дәстүр даналығы
Жарнама

Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кiм Аллаға және Қиямет күнiне иман келтiрсе көршiсiн құрметтесiн. Кiм Аллаға және Қиямет күнiне иман келтiрген болса қонағын құрметтеп, оған тиiстi қонақжайлылығын көрсетсiн» деген. Сол кезде адамдар: «Я, Алланың Елшісі! Қонақжайлықтың мерзiмi қанша күн?»  деп сұрайды. Ол: «Бiр күн, бiр түн. Жалпы қонақжайлықтың мерзiмi үш күн. Одан артығы садақа болады. Әрi, Алла Тағалаға және Қиямет күнiне иман келтiрген адам жақсы сөз айтсын немесе үндемесiн», – деп жауап бердi». (Бұхари, Муслим)

Хадиске түсiнiктеме: «Қонақжайлықтың мерзiмi қанша күн?» деген сауалдың мағынасы қонаққа қанша күн ерекше күтiм көрсетiлу керек дегенді нұсқайды. Мысалы, арнайы ас әзiрлеу.

«Бiр күн, бiр түн» – яғни, қонақ келгеннiң бiрiншi күні мен түнiнде қонаққа ерекше күтiм көрсетiледi.

«Жалпы қонақжайлықтың мерзiмi үш күн», – яғни, үш күн бойы келген мейманға қонақжайлылық көрсетiледi. Бұл жағдай қазақтың салт-дәстүрiнде де бар. Үйге қонақ келген соң үй иесi оны үш күн бойы күтiп, төртiншi күнi бұйымтайын сұрайтын болған.

«Одан артығы садақа болады» – үш күн өткен соң келген қонақтың алдына арнайы ас қою немесе өзi жегенмен тамақтандыру үй иесiнiң еркiнде (Бұхари, Муслим).

ummet.kz

Бөлісу: