25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

«Дәстүрдің озығы мен тозығы» дегенді қалай түсінеміз?

«Дәстүрдің озығы мен тозығы» дегенді қалай түсінеміз?

Дәстүр даналығы
Жарнама

Халық арасында қалыптасқан, тамыры тереңде жатқан салт-дәстүрлермен бірге шариғат құптамайтын ырымдар, қалыптасып қалған әдеттер де бар.

Мысалы, болашақты болжау, балгерлікпен айналысу, құмалақ ашу, өлілерге табынып, олардан қажетін сұрау, әр нәрсені киелі тұтып сиыну, табыну үрдістері мұсылманшылыққа жат қылықтар. Кейбір этнограф ғалымдарымыз, салт-дәстүр зерттеушілері өз еңбектерінде Ислам дініне дейінгі нанымдар мен сенімдерді зерттеп, ондағы надандық дәстүрлерді, есте жоқ ерте замандағы мифологияны, көпқұдайшылдықты қайта жаңғыртуға шақырады. Мысалы, кейбіреулер наурыз мейрамын отқа табынушылардың мейрамы деп санап, сол үшін оны тойлағанда отқа сиынып, оның үстінен секіріп ойнау қажет деген жөнсіз пікірлерін көңірсітіп, халықты надандық әдеттерге үндейді. Сондай-ақ, қазақ халқы мұсылмандықтан гөрі шамандыққа жақын болған деп қатардағы оқырманның ойын сан-саққа жүгіртеді, ана сүтімен дарыған мұсылмандық сеніміне селкеу түсіріп, әрі-сәрі күйде қалдырады. Ғаламның пайда болуы туралы жаңсақ мифологиялық пайымдарды қайта тірілтуге тырысады.

Көпшілігі мұны білместікпен істейді, жазылған дүниенің қаншалықты әсерлі болатындығына, оқырманның танымына қаншалықты әсер ететіндігіне, қазақы мұсылманшылыққа қаншалықты зарары, салдары тиетіндігіне мән бермейді. Тым болмаса, қазіргі кезде қалыптасқан ислами таныммен ара-жігін ажыратып жатпайды. Себебі, олардың басым көпшілігінде шынайы мұсылмандық ұстаным қалыптаспаған. Сондықтан да сайда саны жоқ, құмда ізі жоқ надандық ұғымдар мен ғұрыптарды қайта жаңғыртуға құмар. Ендеше замана көшінен қалып, жарамсыз болып ұмытылған дүниелерді жіпке тізе бермей, дұрыс пен бұрыстың ара-жігін ажыратып, халықтық мәдениет пен танымның біртұтастығын сақтау жолында жұмыс жасау қажет. 

ummet.kz

Бөлісу: