21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскенде қайыр жоқ

Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскенде қайыр жоқ

Дәстүр даналығы
Жарнама

Әрбір бала кіршіксіз мінез-құлықпен, күнә атаулыдан пәк қалпында дүниеге келеді. Пайғамбарымыз да (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы тазалыққа барынша қамқорлық танытатын және өзгелерге де осыны бұйыратын. Сәбилерді қолға көтеріп жүру, сүю, иіскеу – оның сүйікті істерінен болды.

«Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскенде қайыр жоқ» дейді халық даналығы. Ал Мұхтар Әуезов: «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгі, өнеге білетіндігінен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады» деген екен. Сондықтан да, баланы салиқалы кісілер жиналатын ортаға жиі ертіп бару – қоғамдағы оқиларды түсінуіне жол ашады. Олардың ақылы толысып, үлкендерге еліктеуге тырысады, бос ойындарға деген қызығушылығы басылады. Біз бұл әдісті бабаларымыздың өмір жолынан да байқаймыз әрі сахабалар да перзенттерін өздерімен ертіп жүретін болған. Муавия ибну Куррадан жеткен хадисте: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір топ сахабасымен бірге отырды. Сол кезде олардың ішінде кішкентай ұлымен келген бір кісі болды. Ол баланы алып алдына отырғызатын". (Нәсаи).

ummet.kz

Бөлісу: