26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әдет-ғұрыптың өзгеруіне байланысты пәтуаның өзгеруі

Әдет-ғұрыптың өзгеруіне байланысты пәтуаның өзгеруі

Дәстүр даналығы
Жарнама

Әдет-ғұрып  заман  ауысқан  сайын  өзгеріске ұшырап, дамып отыратын құбылыс. Сондықтан да фиқһ ғұламалары әр заманға және қалыптасқан әдет-ғұрыпқа сай кейбір тармақты үкімдердің өзгеріп отыратындығын айтқан. 

Осы  себепке  байланысты  түрлі  мәселелерге пәтуа  беретін  шариғат  ғалымынан  өзі  отырған аймақтың әдет-ғұрпы мен мәдениетінен толыққанды хабардар болуы талап етіледі. Мысалы, қалыптасқан жағдайға қарай мешіттегі қызметкерлердің, имамдар мен азаншылардың, ұстаздардың жалақысын садақадан түскен қаржыдан бөлуге болады. Мұндай шешім қазіргі заманымызда  қалыптасқан  жағдайға  байланысты шығарылған. Өйткені бұрынғы замандарда мұсылман елдеріндегі мешіт қызметкерлеріне бәйтул-малдан, яғни мемлекет қазынасынан жалақы белгіленетін. Ал қазіргі кезде ондай тәртіп жойылғандықтан дін қызметкерлері айлық нәпақасын садақадан түскен қаржыдан айыруға мәжбүр. Сонымен қатар, ақша түрлерінің, атауларының, өлшем  бірліктерінің  өзгеруімен  де  пәтуалар  қайта жазылады. Яғни бұрынғыдай дирхем, динарды халық түсінбейтін  болғандықтан,  олардың  орнына  теңге өлшемі қолданылады, қадақ, сағ, пұт, муд, батпанның орнына грамм, килограмм өлшемдері қолданылады.Заманға  қарай  шешімдердің  де  өзгеруі  Ислам шариғатының қатып қалған дүние еместігін, уақыт өткен сайын дамып, жетіліп отыратын әмбебап заңнамалық жүйе екендігін дәлелдейді.

материал «Дін мен дәстүр» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: