10
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жыртыс дәстүрі туралы не білеміз?

Жыртыс дәстүрі туралы не білеміз?

Дәстүр даналығы
Жарнама

«Жыртыс» дегенде алдымен жаназа кезінде таратылатын шүберектер мен бет орамал ойға келеді.

Дегенмен  кейбір  деректерде  қазақ  салтында  екі түрлi жағдайда жыртыс жыртады. Бiрi, келiн түсiрiп, қоржын сөккенде (қоржын саларда). Екіншісі, үлкен жастағы адамдар қайтыс болғанда. Сондай-ақ, жыртыс – қуаныш кезінде де үлестірілетін кәде. Қазақ дәстүрінде қуаныш сәтіндегі  әйелдер арасында үлестірілетін және солар атқаратын  ежелгі ғұрыптардың  бірі. Негізінен, келін түскенде оның сандығына арнаулы мата салынады. Ол «сандық ашар» жоралғысы кезінде алынып, сол тойға қатысқан әйелдердің бәріне  жыртылып таратылады. Қолға тиген жыртыс – сыйлы кәде болып есептеледі.Сонымен қатар қазақ халқының өлік жөнелту ғұрпында үлестірілетін, көлемі бет орамалдай мата бөлігі  немесе қиықша  –  шыттан жасалып шетін шілтерлеген шағын ақ орамалшаны да жыртыс ретінде таратылатын болған. Жыртыс алған адам бетін сүртіп, марқұмға  Алладан  рақым  тілеп,  дұға етеді. Қайтыс болған кісі ұзақ өмір сүрген, үбірлі-шүбірлі болса, жұрт жыртысты оның жасын берсін деген ниетпен алады.Жыртыс  марқұмның  тіріде дос-жарандарына, көрші-қолаңдарына артық-ауыс кеткен алыс-берісінің өтеуі, қиямет күнінде қарыз болмас үшін өтем ретінде берілген.

материал «Дін мен дәстүр» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: