21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Мүшел жас тапқырлық санақ есебі

Дәстүр даналығы
Жарнама

Қазақтың ұлттық ұғымында жас саны мүшелден есептеледі. Халық даналығында осы қағида шын мәнінде тапқырлық санақ есебі екенін әркімдер, тіпті ғылымның өзі де мойындайды. Бұл тәсіл өткен жылдарды есептеуге де, адам жасын анықтауға да өте ыңғайлы әрі бірден-бір оңай есептік жүйе.

Мүшелдің алғашқысы 13 жастан бастап, кейін әр мүшел сайын 12 жылдан қосып отырады. Сонда екі мүшел 25, үш мүшел 37, төрт мүшел 49 және одан әрі осылайша есептеле береді. Бұрынғы кісілер жасын айтқанда «бес мүшелден екі жыл астым» (63 жас), «жеті мүшелге толдым» (85 жас) дейді. Мүшелдің 12 жылдан қайырылуының өзі адам өмірінің елеулі кезеңіне сәйкес келеді. Мысалы, бір мүшел (13) балалық, екі мүшел (25) күш-қуаттың толысуы, үш мүшел (37) жан-жақты толысу, төрт пен бес мүшел (49-61) кемелдену, және одан әрі қарттық дәуірге сәйкес келеді. Халық ұғымында әр мүшел адам өміріне қауіпті жыл деп саналып, мүшел жасында жаңа киімін біреуге беріп, Алладан саулық тілейді «Құдай» таратады. Бұл жаста әр адам сақтанып жүреді, алыс, ауыр сапарларға шықпайды. Ауа райының қолайсыз кезеңдерінде абайлап жүреді. Қазақтардың мұндай сақтануы негізсіз де емес. Өйткені адам ағзасында әр 12 жылда үлкен өзгерістер болып тұрады. Ертедегі шығыстық ғылым осыны анықтаған.

 

 

 

«Қазақтың салт-дәстүрлері мен

әдет-ғұрыптары» кітабынан алынған

 

Бөлісу: