21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Қамшы қайтару дәстүрі

Дәстүр даналығы
Жарнама

Қамшы – қазақ тұрмысы мен мәдениетіне бірнеше қызмет атқаратын қасиетті зат, құрал есебінде саналған. Мысалы, халқымыздың ұғымы мен әдетіне қамшы тастау (яғни, сөз сұрау), қамшы жұмсады (яғни, сабады, күш көрсетті), қамшы болды (яғни, әсер етті, себеп болды(жақсы мағынада) деген сөздер жиі кездеседі.

Солардың бірі – қамшы қайтару дәстүрі.

Аталған дәстүр – құдалық, яғни, құда түсу жолында жасалатын таза қазақи ұғымды көрсететін жолдардың бірі. Мұның жөн-жосығы былай. Ұлына қалыңдық іздеген жігіт әкесі ауылдың ақсақалдары мен азаматтарына және өз туыс-туғандарына жолығып, шаруасын айтады. Бұған жанашырлар ақыл қосып, пәлен жерде осындай жақсы адам бар және оның бойжеткен қызы барын айтады. Әрине, бұл жерде болашақ құдалардың текті аталардан болуын әркім қалайды. Сөйтіп жігіт әкесі өзінің беделді адамдарын ертіп қыз әкесінің үйіне барып түседі. Қонақасын ішіп аттанған жігіт әкесі өз қамшысын кереге басына іліп кетеді. Мұны көрген қыз әкесі келген кісілердің аты-жөнін, ата-тегін білгеннен кейін, оларға тиісті жауабын беруі керек. Егер қыздың басы бос болмаса (яғни, біреуге айттырылып қойса) немесе қызын бергісі келмесе қамшы иесіне қайтарылады. Мұны «қамшы қайтару» дейді. Бұған жігіт әкесі ренжімейді.

 

Материал С.Кенжеахметұлының

 «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті»

 кітабынан алынған

 

Бөлісу: