09
Сәрсенбі,
Шілде

һижри

Құптан намазының дәретімен таң намазын оқыған Әбу Ханифа

Құптан намазының дәретімен таң намазын оқыған Әбу Ханифа

Ұлы тұлғалар
Жарнама

Имам Ағзам аса тақуа еді. Кішіпейілділік пен тақуалықты ол бәрінен жоғары санайтын.

Бірде біреу: «Сен менің иемсің», – дейді. Сонда ол: «Алла Тағалаға ант етейін, мен сен берген бұл атақтан әлдеқайда беделдімін. Өйткені, мен Алланың пендесімін. Бұдан өзге биік лауазым бар ма?!», - деп жауап береді.

Оның тақуалығы жайлы ғибратты әңгімелер көп. Бірде ол базарда жүргенде, екі адамның бірі жолдасына: «Мынау – Әбу Ханифа. Өте тақуа адам. Тіпті құптан намазының дәретімен таң намазын оқиды екен», – дейді. Осыны естігенде Әбу Ханифа (р.а.) қатты таңданып: «Мен олар ойлағандай жан емеспін ғой. Бірақ халықтың мен жайлы жақсы пікірлерін жоққа шығарып, оларды өтірікші етпеуім тиіс», - деп сол күннен бастап құптан намазының дәретімен таң намазын оқи бастаған [2, 21-22].

Әбу Ханифа қанша дәулетті болса да, жүрегінде дүниеге қызығушылық болмаған. Шәкірттері арасында отырған кезде оны сынамақ оймен бір яһуди: «Сенің пәлен жерден сапардан қайтып келе жатқан керуенің қарақшыларға жем болды. Енді не істейсің?», – дейді. Әбу Ханифа аз уақыт үнсіз қалады да: «Аллаға шүкір»,-дейді. Әлгі адам қайта оралып: «Әбу Ханифа, сүйінші! Керуенің табылды. Қарақшылар қолға түсті. Малың, дін аман, жолда келе жатыр», - дейді. Әбу Ханифа тағы біраз үнсіз қалып: «Аллаға шүкір» - дейді. Сонда әлгі адам: «Сен неге қайғыда да, қуанышта да бірдей шүкірлікпен ғана жауап қайырдың»,-дейді. Сонда Имам Ағзам: «Керуенің жоғалды дегенде, жүрегім ауырып сыздар ма екен деп, оған үңілдім. Жүрегімнің түк болмағандай бір қалыпты соққанын көріп, «Аллаға шүкір» дедім. Кейін «малың табылды» дегенде, қуанар ма екен деп тағы да жүрек дүрсіліне құлақ астым. О сол баяғыдай соғып тұрды. Мен сонда жүрегімде дүниеге сүйіспеншілік болмағанын біліп, қуанып: «Аллаға шүкір» дедім" - деп жауап береді [1, 46].

Алла Тағаланың барлығы, бірлігі, шексіз құдіреті және басқа да сипаттары, сондай-ақ ақырет, жәннат, тозақ және басқа да сенім-наным мен түрлі діни көзқарастарға байланысты мәселелерді қарастыратын калам (тәухид, ақида) ілімі аясында Әбу Ханифа нақли дәлелдер (Құран аяттары мен пайғамбарымыздың сүннеттері) мен ақли (ой-санамен түйінделген) дәлелдерді келтіріп, мәселеге тиісінше жауап беретін. 

материал «Ұлық имам – Әбу Ханифа» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: