08
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

«Үмбет ішінде Фатимадай (р.а) көп құлшылық жасайтын ешкім жоқ…»

«Үмбет ішінде Фатимадай (р.а) көп құлшылық жасайтын ешкім жоқ…»

Ұлы тұлғалар
Жарнама

«Инсан» сүресінде көргеніміздей, Құран кəрім əзірет Фатиманың (р.а) терең ықыласына, Аллаға шынайы берілгендігіне, Аллаға жəне ақырет күніне берік иман еткеніне куəлік етеді.

Расулалла да қызы жайлы «Алла тағала мына менің қызым Фатиманың жан дүниесін жəне бүкіл ағзасын тегіс кəміл иманмен толтырған. Сондықтан ол Аллаға құлшылық жасауға толықтай берілген (Бихарул-əруар 43/46).

Хасан ибн Али: «Бірде жұма күні анамның михрабта құлшылық жасап жатқанын көрдім. Таң атқанша ұзыннан-ұзақ рүкуғта тұрды, сəжде жасады жəне мүмин ерлер мен мүмин əйелдердің аттарын жеке- жеке атап, əрқайсысына дұға етті. Олар үшін көз жасын төгіп дұға тіледі, бірақ өзіне мүлдем дұға тілемеді. Соны көріп: «Анашым, неліктен басқаларына дұға тілегініңдей өзіңе де дұға тілемейсің?» – деп сұрадым. Сонда «Балапаным-ау! Алдымен көршілер, содан кейін ғана отбасым», – деп жауап берді (Бихарул-əруар 43/81-82).

Əзірет Фатима жұма күнінің соңғы сағаттарын дұғамен өткізетін. Сондай-ақ рамазан айының соңғы он күнінде түні бойы ұйықтамайтын, құлшылық жасайтын. Үйдегілерді де түнгі құлшылық жасауға шақыратын. Хасан Басри былай дейді: «Бұл үмбет ішінде Фатимадай көп құлшылық жасайтын ешкім жоқ. Намазда қиямда көп тұрғаны соншалық – аяғы ісіп кететін» (Бихарул-əруар 43/84).

Əзірет Фатима өмірінің көп бөлігін михрабында өткізді, тіпті одан мүлдем шықпады деуге де болады. Қашан қарасаң, сəждеде терең құлшылық жасап, үздіксіз дұға тілеп жатқанын көруге болатын. Ол отағасының жағдайын жасағанда да, балаларын тəрбиелегенде де, Аллаға құлшылық ниетімен əрекет ететін. Бүкіл ісінде Аллаға
бойсұнатын, Оған терең беріліп құлшылық ететін. Жетім-жесірге көмектескенде де, жақындарына жəрдемдескенде де, Аллаға құлшылығын тастамайтын. Əсіресе, мұқтаж жандарға көмектескенде, өз жанұясын ұмытып кетерліктей дəрежеде Аллаға құлшылық сезімімен əрекет ететін.

материал «Фатима (р.а) анамыздың өмірі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: