29
Жұма,
Наурыз

һижри

Сірке суы – тамаша дәмдеуіш

Сірке суы – тамаша дәмдеуіш

Дін және ғылым
Жарнама

Умму Хани (Алла оған разы болсын) айтады: Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бізге келгенде «Жейтін бір нәрсе бар ма?» - деп сұрады. Мен оған: «Бізде азғана нан мен сірке суы бар», - деп жауам бердім. Ол: «Маған әкеліп беріңіз. Сірке суы бар үй кедей саналмайды», - деп жауап қатты. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сірке суын «тамаша дәмдеуіш» деп те атаған екен.

Сірке суында қартаю процесін тежейтін антиоксиданттар өте мол, ол сондай-ақ, обыр мен ми ауруларының даму барысын баяулатады екен.

Сірке суының қабынуға қарсы және жүрек-қан тамыры жүйесінің күйін жақсартатын әсері бар әрі қан қысымын төмендетеді. Спортшылар үшін, әсіресе, артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де тым пайдалы, себебі тамаққа тәбетті төмендетеді.

Зерттеушілерге сенсек, күніне 1-2 қасық сірке суын пайдаланған адам азғасында «пайдалы» холестерин мөлшері арта түспек. Олар мұны зерттеу арқылы тексеріп көрген. 120 ерікті жанның бір тобына екі ай бойы сірке суы берілсе, екіншісіне «жалған дәрі» (плацебо) тағайындалған. Нәтижесінде сірке суын тұтынғандардың ағзасындағы липопротеиндер, яғни «пайдалы холестериндер» мөлшері артқан. Айта кетейік, бұрынырақ жасалған зерттеулер алма сірке суының «нашар» холестерин мөлшерін азайтып, «пайдалы» холестерин мөлшерін арттыратынын, сондай-ақ, артрит, диабет тәрізді ауруларға ем екенін көрсеткен.

Материал «Пайғамбар сүннеті» кітабынан алынды.

Ummet.kz

Бөлісу: