28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Исламдағы психология мәселесі

Исламдағы психология мәселесі

Дін және ғылым
Жарнама

Діни психология дегеніміз – белгілі бір дінге байланысты адамдардың сезімдерінің, көңілкүйлерінің, мінез-құлықтарының жиынтығы. Гегель философиясында діннің де мақсаты біреу, ол абсалютты тану болып табылады.

Діни психология қалыптасқаннан кейін адамдардың жан дүниесінің үлкен күшіне айналады, стихиялы түрде қалыптасқан кезінде түсініктері мен бейнелерін өңдеу, жөндеп бағыттау өте қиынға түседі. Өз алдына ғылым ретінде дін иелерін адамның рухани сана-сезімін ұтымды пайдалануға шақырады. Діни психология – белгілі бір тәртіпке, жүйеге келтірілген діни ойлардың жиынтығы.

Діни ғұламалардың, қайраткерлердің жасаған идеялогияларының жүйесі. Қоғамдық болмысты, адамдарды қоршаған дүниені танудағы мазмұнды түсініктер мен ұғымдар болып табылады Адам – белгілі бір қоғамның мүшесі. Ол қандай да болмасын бір іспен айналысады. Оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны «жеке адам» етеді. Мәселен, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады. Бірақ әлі де жеке адам емес. Өйткені, онда жоғарыда аталған компоненттер, тәжірибе, білім, іс-әрекет т. б. жоқ. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүние танымынан, сенімінен, талғамынан, мұратынан, бағытынан, қабілетінен, қызығуынан жақсы байқалады.

Жеке адам – тарихи әлеуметтік жағдайының жемісі. Ол әлеуметтік ортада, белгілі қоғамда колективте ғана қалыптасады. Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені, оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана мазмұнға ие болады. Жеке адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты, қоғамнан, әлеуметтен тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.

Қоғам әрқайсысының өзіне тән өзгешелігі бар жеке адамдардан құралады. Жеке адам әлеуметтік дамудың жемісі. Ол халықпен бірге өмір сүріп, колективпен бірге еңбек процесіне қатысып отыратын әлеуметтік қайраткер. Жеке адам әлеуметтік ортаға ғана қалыптасады.

материал «Ислам және ғылым» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: