24
Сенбі,
Мамыр

һижри

Шәкіртке көмек беру ризықты арттырады

Шәкіртке көмек беру ризықты арттырады

Дін және ғылым
Жарнама

Жас шәкірттерге демеу болып, іліміңізді алып, кәсібіңізді істеп емін-еркін жүре беріңіз. Ал қиямет күні сол жақсылықтың сауабынан ғалымдармен бір сапта тұрып қалуыңыз әбден мүмкін.

Шейх Әдһам әл Асими: «Мен медреседе оқып жүрген кезде бір ағамыз демеушілік көрсетіп, қаржылай көмек берген еді. Қазір менің аузымнан қандай аят-хадис шығып жатса, мен өлгенше соның сауабының барлығы сол кісіге де нәсіп болады», – деген еді.

Әнәс ибн Мәлік (Алла оған разы болсын) ол былай деді: Пайғамбардың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір сүрген уақытында Мединада екі ағайынды жігіт тұратын, солардың біреуі әрдайым Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп тұратын (ілім алатын). Ал екіншісі өзінің кәсібімен нан табатын. Бірде кәсібімен нан табушы Пайғамбарға (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп, өзі ғана жұмыс істейтіндігі, бауырының көмек бермейтіндігі жайлы айтып шағымданады. Сонда Пайғамбар (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оған: «Бәлкім, сол ризығың сенің бауырыңның берекесімен келіп жатыр» - дейді.

Хадиске түсіндірме: Ілім талап етушілерді қолдау: Бұл хадис білім ізденушіні қолдаудың да үлкен сауап пен берекеге ие екенін білдіреді. Кәсіптегі бауыры ілім алып жүрген бауырына қолдау көрсеткені үшін өзі де берекеге кенелген.

материал «Ілім және кәсіп» кітабынан алынды,

ummet.kz


 

Бөлісу: