21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

От пен су жолыққанда

Дін және ғылым
Жарнама

Гавай аралдары төңірегінен керемет көрініс беретін «National Geographic» ұсынған бұл суретте оттың сумен қауышқанын тамашалауға болады.

Су қанша көп болса да ыстық отты өшірмейді, дәл сол сияқты, от та қанша ыстық болғанымен суды құрғатып жібермейді. Осылайша су мен оттың тоғысқан керемет құбылысы мыңдаған жылдарды артта қалдырып өзара тепе-теңдігін сақтап келеді. Алла Тағала бұл құбылысты меңзеп Құран Кәрімде былай дейді:

وَالطُّورِ

وَكِتَابٍ مَّسْطُورٍ

فِي رَقٍّ مَّنشُورٍ

وَالْبَيْتِ الْمَعْمُورِ

وَالسَّقْفِ الْمَرْفُوعِ

وَالْبَحْرِ الْمَسْجُورِ

إِنَّ عَذَابَ رَبِّكَ لَوَاقِعٌ

Тұр тауына, (1)

Жазулы Кітапқа, (2)

Теріге жазулыға, (3)

Толықсыған үйге, (4)

Көтерілген төбеге, (5)

Және масжур теңізге серт! (6)

Сөзсіз Раббыңның азабы болады. (7) (Тұр сүресі 1-7)

         Мұндағы «масжур» сөзінің мағынасы – «жанып тұрған» деген мағынада. Жаратылыстың қыр-сырының іліміне ие Алла нендей пәк!


 

(Материял Абдуддаим Кахилдің «Ал-Маусуъа ал-мусаууара фил-Құран ал-Карим уас-сунна Мутаххара» атты кітабынан алынды.)

(Аударған: Айбек Абдіқадір)

Бөлісу: