29
Жұма,
Наурыз

һижри

Мұхит астындағы толқындар

Дін және ғылым
Жарнама

Құранда бір аят бар, оны әр оқыған сайын Жаратушының қаншалықты ұлы екенін еске түремін. Ол ұлы аят:

أَوْ كَظُلُمَاتٍ فِي بَحْرٍ لُّجِّيٍّ يَغْشَاهُ مَوْجٌ مِّن فَوْقِهِ مَوْجٌ مِّن فَوْقِهِ سَحَابٌ ۚ ظُلُمَاتٌ بَعْضُهَا فَوْقَ بَعْضٍ

«Терең теңіздегі қараңғылық тәрізді. Толқын үстінде толқын, оның үстін бұлт қаптаған қараңғылықтар; бір-бірінің үстінде,» деген аят (Нұр 40).

Алла Тағала бұл аятта кәпір адамның амалдарын мұхиттың тереңдігінде өмір сүретін адамға ұқсатуда. Ол адамның үстін су астындағы толқын жамылған, оның үстінде судың беткі жағынан толқынның екінші қабаты қоршаған. Ал оның үстінде болса күннің сәулесін тұмшалаған қалың бұлт орналасқан. Бұл қараңғылық ішіндегі қараңғылықта өмір сүріп жатқан адам мысалы.

Осы ұлы аятта ғылыми ақиқат жасырылған. Ол ақиқатқа ғалымдар 2007-ші жылдың соңында ғана куә болды. Олар осы кезде ең алғашқы рет судың астында судың үстіндегі толқындарға ұқсамайтын толқындардың бар екеніне көздерін жеткізді. Яғни, толқындар екі түрлі: су асты толқындары және су үсті толқындары. Бұл болса осы аяттағы: «Толқын үстінде толқын» дегені ғой. Ғалымдар бұл толқындарға кенеттен тап болған. Олар су астында толқынның болатынын еш ойлап та көрмегендерін айтуда.

Міне, Алла нендей пәк! Бұл аят Құранның нағыз ақиқат екеніне куәлік етіп тұрған жоқ па?!

 

(Материял Абдуддаим Кахилдің «Ал-Маусуъа ал-мусаууара фил-Құран ал-Карим уас-сунна Мутаххара» атты кітабынан алынды.)

(Аударған: Айбек Абдіқадір)

Бөлісу: