21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Жердің айналу бағыты Құранға қайшы келе ме?

Дін және ғылым
Жарнама

Ескіде кей ғалымдарымыз жерді берік, ал күн, жұлдыз, планеталар оны айналып жүреді деп пайымдаған.  Ал кімде-кім бұл пікірді мойындамаса, оның сенімінде кемшілік бар деп сенген екен дейді. Бұл айтылған нәрсе шындық па? Мұнда Құран мен ілім арасында қандай да бір қарама-қайшылық бар ма? Бірге қарастырайық...

 earth

Жиырмасыншы ғасырға дейін мұсылман ғалымдарының көпшілігі күннің жүруін (жүзуін) оның жерді айналуы деп түсінген. Себебі Алла Тағала Құранда:

وَالشَّمْسُ تَجْرِي لِمُسْتَقَرٍّ لَهَا ذَلِكَ تَقْدِيرُ الْعَزِيزِ الْعَلِيمِ

«Сондай-ақ күн белгіленген бағытына жүреді. Міне осы аса үстем, әр нәрсені білуші Алланың өлшеуі»–деген. (Йа Син 38).

Осы себепті батыс ғалымдары өзіміздің ғалымдарымызға күн қимылдамайды, қозғалыссыз тұрады, керісінше күнді жер айналады дегендерінде, олар бұл сөзді қабылдамады. Себебі Құранда ап-ашық «күн белгіленген бағытына жүреді» делінген еді. Батыс ғалымдардың бұл сөзін қабылдамаған ғалымдарымыздың еш айыбы жоқ. Себебі олар Құранға сүйенді, ал Құран болса асыл, оның ақиқаты өзгермейді. Ал ілім болса өзгерісті қабылдайды.

Таңқаларлығы сол, батыс ғұламалары күннің қимылдамайтынын айтқанынан көп уақыт өтпей ақ бұл айтқандарынан қайта бас тартты. Сөйтіп олар күннің галактикада өз ағымымен жүретінін айта бастады. Әрірек технология дами түскенде күннің қозғалысы жылқының жүрісіне ұқсаған сілкілмелі қозғалыс екенін айтты. Сөйтіп олар күннің бұл қозғалысына «Stream», яғни жүзу деген атау берді.

Ақырында күннің шынында қимылдайтыны бекітілді. Алайда күннің бұл қозғалысы мәңгіге жалғаса ма? «NASA» агенттігінің ғалымдары күннің бір бағытқа қарай жүріп жатқанын айтып оған «Solar Apex» (белгіленген бағыт) деп атаған. «Сондай-ақ күн белгіленген бағытына жүреді» деген аятқа тағы бір қараңыз. Бәлкім бұны да кездейсоқтық дерсіз, бірақ қалй болғанда да бұл жәйт Құранның Алла кітабы екеніне тағы бір ашық дәлел.

Шынтуайтына келсек, жердің қимылсыз тұратындығы туралы айтушылар астрономия ілімінің алғышарттық мағлұматтарынан дағы бейхабар. Бұл мағлұматтардың ең маңыздыларының бірі – тартылыс күші. Болмыстың біртұтастығы, оның шашылып кетпеуі, болмыстың астан-кестенін шығаратын құбылыстардың орын алмауы осы күшпен түсіндіріледі. Бұл Алланың мына аятының көрінісі:

إِنَّ اللَّهَ يُمْسِكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ أَنْ تَزُولَا وَلَئِنْ زَالَتَا إِنْ أَمْسَكَهُمَا مِنْ أَحَدٍ مِنْ بَعْدِهِ إِنَّهُ كَانَ حَلِيمًا غَفُورًا

«Рас Алла (Т.) көктер мен жерді құрдымға жібермей ұстап тұрады. Егер екеуіне бір зауал болса, Одан кейін оны біреу ұстап тұра ала ма? Шәксіз Ол, тым жұмсақ, аса жарылқаушы» (Фатыр 41)

Алла Тағала бұл болмысты өз құдіретімен ұстап тұр. Ол үшін еш кем-тетігі жоқ бір заңдылыққа бағындырған. Бұл заңдылық – тартылыс күші. Бұл ғажайып заңдылық жайында не білеміз?

1280x720 448994 night sky high resolution wallpapers widescreen 1

(Көктерге көз жүгіртсек онда миллиондаған жұлдыздарды көреміз (ал ондағы әрбір жұлдыз күннің пішініндей, я да одан да үлкен). Бұл жұлдыздар бейнебір жерді айналып жатқандай. Осы тұста жер бір орында берік, қимылсыз тұрады, ал мына жұлдыздың бәрі оны айналады, ол жұлдыздардың бәрін өз айналасына тартып тұратын күшке ие деуіміз ақылға сыя ма еш?! Бұндай сөзге тоқталатын адам көзқарасын қуаттайтын ғылыми дәлел келтіруі керек. Жалпы болмыстың құбылысын ең жақсы ашықтайтын адам – мұсылман астроном. Ескі ғалымдар Құранға тәпсір жазғандарында олардың астрономияға, медицинаға, инженерлікке, математикаға кеңінен сүйенгендерін ұмытпайық. Алайда, өкінішке орай, бүгінгі тәпсіршілер бұл ілімдерге қатты көңіл бөле қоймайды).  

Тартылыс күші заңдылығы

Мұнда қаперіңе бірер сұрақ келеді: Алла жерді қалай ұстап тұр? Жердің бетінде бізді не ұстап тұр? Қалайша ауада қалқымай тұрмыз? Егер жер өзінің қазіргі пішінінен сәл де болса кіші, не үлкен болса не болар еді?

Бұл жаңалық та осы ғасыр ғұламаларына тиесілі. Олар бұл құбылысты «болмыстық тартылыс күші» деп атады. Олардың айтуынша галактикадағы әрбір дене айналасындағы денелермен байланысты. Олардың араларын белгілі бір тартылыс күші байланыстырып тұрады. Бұл тартылыстың күші денемен тікелей байланысты, себебі дене каншалықты ауыр болса, тартылыс күші де соншалықты күшті болады.

Жердің тартылыс күші адамдарды өзінің үстінде ұстап тұрады. Себебі адамның салмағы жердің салмағынан әлде қайда кіші. Сонымен қатар жер айды да тартып тұр. Өйткені жер ауыр. Сол себепті де айдың жерді керемет бір дәлдікпен белгілі бір жүйеде айналып жатқанын көресіз. Ал енді осы жер өз айналасындағы күнді, планеталарды, және тағы басқа жұлдыстарды өз айналасында ұстап тұра алатын құдіреті бар ма?!

14112017 945 3

Бұл жер шары, оның диаметрі 12756 км-ді құрайды. Ал айдың диаметрі 3476 км. Яғни, ай жерден кіші. Бұл ғалымдардың айтқан «болмыстық тартылыс күші» заңдылығына сай жер айды тартып тұрады, ал ай болса жерді айналады. Жер мен айдың арасындағы қашықтық 384000 км. Жер айдан сексен есеге жуық ауыр болғаны үшін, жердің тартылыс күші айдыкінен мықтырақ.

Ал күнге келер болсақ, ол жерден 300 есеге ауыр, ал пішініне келсек, 1 млн 300 мың есеге үлкен. Күннің алдында жердің қаншалықты кішкене екеніне назар салып көріңіз. Әлбетте, егер күн осыншама үлкен денеге ие болмаса оның қызуы әлде қашан сөніп, қазіргідей қуат пен жарықты да бөле алмас еді.

14112017 945

Бұл сурет алып күннің қасындағы кішкене ғана жер. Күннің диаметрі 1392000 км-ді құрайды. Күн айналасында айналып жатқан аспан денелерінен жүздеген, мыңдаған есе үлкен. Күннің осы алап формасының арқасында айналасындағы денелердің барлығын өзіне тартып ұстап тұрады. Бұл Алланың заңдылығы: «خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ بِالْحَقِّ يُكَوِّرُ اللَّيْلَ عَلَى النَّهَارِ وَيُكَوِّرُ النَّهَارَ عَلَى اللَّيْلِ وَسَخَّرَ الشَّمْسَ وَالْقَمَرَ كُلٌّ يَجْرِي لِأَجَلٍ مُسَمًّى أَلَا هُوَ الْعَزِيزُ الْغَفَّارُ» (Көктерді, жерді шындық бойынша жаратты. Түнді күндізге айналдырады, күндізді түнге айналдырады және күн мен айды меңгереді. Әрбірі белгілі бір мерзімге дейін жүріп тұрады. Абайлаңдар! Ол тым үстем, аса жарылқаушы) (Зумар 5)

Бұл мақаланы жазуыма түрткі болған себеп – кей бауырларымыздың жер тұрақты, ал күн болса жерді айналады деулері. Алайда бұл қате пікір. Себебі Құран жерді тұрақты деп үзілді-кесілді айтпаған. Ал ай мен күннің жүретіндігі туралы аяттар олардың жерді айнала жүретіндігі дегенге келмейді. Және де жердің айналатыны туралы аяттар жоқ дейді. Алайда, жердің өзге де аспан денелері сынды қозғалыс үстінде екеніне ишарат ететін аяттардың бар екенін айта аламыз.

Құран жерді қимылдамайды деп нақты айтқан ба?

Ескіде кей мұсылман ғалымдары күн мен айдың қозғалатыны туралы Құран аяттарында анық айтқан, алайда жердің қимылы туралы онда ешнәрсе жоқ қой деген екен, бұл рас па?

 Бізде кей адамдар Құран туралы сөйлегенде бейнебір Алла Тағала оған Құранның бүкіл сырларын ашып бергендей сөйлейді. Егер Құранды анықтап қарайтын болсақ жердің айналатыны туралы көптеген ишараттардың бар екенін байқаймыз. Жер де күн мен ай сияқты галактиканың бергілі бір жерінде қимылдайды, жүреді (жүзеді). Сол аяттардың бірі Алла Тағаланың мына аяты:

وَهُوَ الَّذِي خَلَقَ اللَّيْلَ وَالنَّهَارَ وَالشَّمْسَ وَالْقَمَرَ كُلٌّ فِي فَلَكٍ يَسْبَحُونَ

«Ол Сондай Алла; түнді, күндізді, күнді және айды жаратты. Әрқайсысы ғаламшарда жүзеді» (Әнбия 33)

Осында бір сұрақ қоялық: аятқа үңіліп қарасақ, егер күн мен айдың жүзетін (жүретін) өз шеңберлері болса, онда күндіз бен түннің де солар сияқты өздерінің жүзетін шеңберлері болуы керек қой? Расында күндіз бен түн жер бетіндегі бірінің артынан бірі еретін табиғи құбылыс. Ол екеуі де жерге байлаулы, жердің өзімен тікелей байланысты. Осы тұста жердің айналатындығына астарлы меңзеу бар. Себебі Құран аятында «Әрқайсысы ғаламшарда жүзеді» делінген. Әрқайсысы деген күндіз бен түнге де қатысты, ал олар жермен тікелей байланысты. Демек күн мен түннің жүзуі – жердің жүзуімен ғана болады.

(Материал Абдудаим Кaхилдің мақаласынан қысқартылып алынды)

Ummet.kz

Бөлісу: